Бербатов: «Хаверц Азардың орнын алмастыра алады»

22.05.2020 22:23 АПЛ Ла Лига

Кай Хаверцтің басқа клубқа ауысатын уақыты келген секілді.

Бербатов: «Хаверц Азардың орнын алмастыра алады»

Ағылшын Премьер-лигасында көп уақыт өткізген Леверкузендік "Байердің" бұрынғы жұлдызды ойыншысы Димитар Бербатов Кай Хаверц "Челсидегі" Азардың орнын алмастыра алады немесе «Ливерпуль» футбол клубының жұлдызы бола алады дейді, бірақ неміс ойыншысына асығыстық жасаудың қажеті жоқ деп ескертеді.

"Осы аптада Леверкузендік "Байер" ойыншысы Кай Хаверц тағы да Премьер-лигаға ауысады деген сыбыстар шықты, бұл мені таң қалдырмайды. Оның керемет қасиеттері бар және болашақта одан да мықты болады. Тек ол ғана емес, бүкіл Леверкузендік команда ұзақ үзілістен кейін өте күшті оралып, "Вердерді" ойсырата жеңгенін көргенде қатты қуандым."

"Хаверц сол ойындағы салған екі голынан кейін ол туралы түрлі сыбыстар айтылды. Кай мұндай қауесеттерге үйренуі керек, өйткені оны түрлі командалар сатып алғысы келеді."

"Ливерпуль", "Челси" және басқа командалардың Хаверцке қызығушылығы туралы көп әңгімелер айтылуда, сондықтан қазір ол бұл жағдайға назар аудармауға тырысуы қажет, тек өз ойыны жайлы ойлану керек."

"Оның сапалы жақтары жеткілікті, егер ол осылай ойнауын жалғастыра берсе, онда оған қызыққан клубтар артпаса, кемімейді. Қазір барлық футбол сүйер қауымның назары Бундеслигада , ал егер сіз гол соғып, жақсы футбол көрсетсеңіз, «Ливерпуль» және «Челси» сияқты командалар сізді өзінде көргісі келетіні таңқаларлық жағдай емес."

"Мен Хаверцті "Премьер-лигада" көргім келеді, бірақ қазір емес. Менің ойымша, оған әлі ерте, оның әлі де біраз матчтарда өнер көрсетіп, көп гол соғып, өзіне деген сенімділікті арттырғанын қалаймын."

"Менің ойымша, оған "Премьер-лигада" ойнау үшін тағы да күш қажет болады. Англиядағы қорғаушылар сізге қандай қарсылық көрсетіп, біраз әбігерге салатынын бәріміз білеміз және сіз бұған дайын болуыңыз керек."

"Меніңше, ол қазір Леверкузенде қалып, одан әрі дамып, басқа клубқа ауысу үшін көмектесетін тәжірибе жинауы керек."

"Бір қызығы, "Челси" футбол клубы сыбысқа сенсек, Хаверцпен тығыз байланысты. Олар командадан Азар кеткелі бері оны алмастыра алатын ойыншы тапқан жоқ және мұны жасау өте қиын. Менің ойымша, олар болашақта көп жыл өнер көрсететін жас, дарынды ойыншыны алуы керек. Егер "Челси" осындай ойыншыны алатын болса, оларға шыдамдылық қажет, өйткені кейде жас ойыншыларға Премьер-Лигаға бейімделуге уақыт қажет болады. Кай Хаверц "Челси" үшін керемет нұсқа. Кай осылай ойнауын жалғастырады, гол соғып, командасына көмектесіп, одан әрі дамиды деп сенемін."

Ернар Ламқадыров

1 пікір

  1. Аманхан Бақытжан

    Я.Мен бұл пікірге келісемін.Кай Хаверц Челси командасы үшін жақсы ойыншы болар еді.Еден Азардың орнын баса алады.