ҚПЛ қашан басталатыны айтылды

22.05.2020, 09:57
Ештеңеден қорықпай, біріншілікті бастап кеп жіберу керек секілді.
ҚПЛ қашан басталатыны айтылды

21-мамыр күні Қазақстанның Кәсіпқой футбол Лигасы бейнеконференция өткізді. Оған Лига басшылығы мен футбол клубтарының директорлары қатысты. Жиында талқыланған басты мәселе – ол Ұлттық біріншіліктің қашан басталатыны жайлы. Кездесу барысында ҚКФЛ жетекшісі Олжас Абраев Қазақстанның әр аймағындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты футбол маусымының қайта басталуына арналған жоспардың бірнеше нұсқасын ұсынды. 

ҚКФЛ ресми сайтының хабарлауы бойынша қазіргі таңда футболдан OLIMPBET-Қазақстан чемпионатын жалғастыру үшін екі жоспар қарастырылуда. Біріншісі – турнир 15-маусым күні көрермендерсіз қайта басталады. Екіншісі – 1-шілдеден бастап жабық трибуналарда. Әзірленген жоспарлардың әрқайсысын іске асыру үшін уәкілетті органдардың рұқсаты қажет. Сондай-ақ премьер-лиганың, бірінші және екінші дивизионның командалары өнер көрсететін аймақтың санитарлық эпидемиологиялық жағдайы туралы ақпарат қажет.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін ақпарат көздерінде премьер-лиганың жоғарғы дивизионының 3-туры 6-7 маусым өтеді деп хабарлаған болатын. Ал бейсенбі күні Meta-ratings.kz-тің хабарлауы бойынша еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағанбетованың шешімімен чемпионат ойындары 1-маусымнан кейін басталуы қажет.

Сонымен қатар конференция барысында ресми футбол матчтары кезінде короновирус инфекциясын болдырмауға арналған хаттама дайындалып жатқаны белгілі болды. Бұл құжат футболшылардың, жаттықтырушылар құрамының, командалардың қызметкерлерінің OLIMPBET - Қазақстан Чемпионатымен ел кубогінің матчтары кезінде вирус жұқтыру қаупін азайту мақсатында жасалуда.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×