Дидар Сыдықбек: «SD Family» командасы жабылады

22.05.2020, 06:12
Енді ғана тәй-тәй басып келе жатқан команданың жабылуына не себеп болды екен?
Дидар Сыдықбек: «SD Family» командасы жабылады

"SD Family" командасының негізін қалаған Дидар Сыдықбек клубтың жабылатыны жайлы хабарлады.

"Бұл жылы екінші лиганың болмауы мүмкін. Осыған байланысты біздің команда жабылады. Бұл ешқандайда қалжың емес, бәрі шын. Шындық үшін, футбол үшін күресуден шаршадым. Сондықтан түгелімен бұл жұмысты тастағым келеді. Өз-өзіммен болып, өз отбасыммен, өз жұмысыммен айналысқым келеді. Маған көмектескен және мені қолдаған адамдарға алғысым шексіз", - деді экс-футболшы өзінің Instagram парақшасында.

Айта кетейік, "SD Family" клубы осы маусымда екінші лигада ойнауға мүмкіндік алған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×