Бербатов The Best жүлдесі жайлы: «Роналду мен Месси үштікте болуға лайықты емес»

16.12.2020, 23:11
Дмитар қос алыпты жүлдеге лайықты емес деп санайды.
Бербатов The Best жүлдесі жайлы: «Роналду мен Месси үштікте болуға лайықты емес»

Дүйім жұртқа “Манчестер Юнайтед” сапындағы төрт жылымен танылған болгариялық шабуылшы Дмитар Бербатов The Best жүлдесінің үздік үштігіне енген аяқдопшылар жайлы өз пікірін білдірді:

“Месси мен Роналдудың үздік үштікке енгеніне таңқалып отырмын. Өйткені олар финалдық кезеңде болуға лайықты дегенге сенімді емеспін. Жүлдені Роберт Левандовски алуы керек деп ойлаймын. Егер ол ұтпаса, бұл әділетсіз болар еді. Одан бөлек, биыл “Алтын допты” табыстамау да әділетсіз болып көрінеді. Роберт менің және көпшіліктің ойынша бұл жүлдеге фаворит екені сөзсіз. FIFA-ның жүлдесін Роберт алады деп үміттенемін”, – деп өз ойымен бөлісті Болгария құрамасының сұрмергені.

Дмитар “қызыл сойқандардан” бөлек: “Байер”, “Тоттенхэм”, “Монако” һәм “Фулхэм” сынды Еуропаның белді клубтарында өнер көрсеткен.

Жалпы мансабында 512 ойын өткізіп, 215 гол соғып, мансабын үндістандық “Керала Бластерс” командасында аяқтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×