Azerisport.com порталы “Аданадемирспор” клубында қазіргі уақытта бірқатар қиындықтар болып жатқанын жеткізді.
“Әзербайжан ұлттық құрамасының қақпашысы Шахруддин Магомедалиев өнер көрсететін Аданадемирспор ұжымында жағдай мәз емес.
УЕФА тарапынан келген санкциямен қатар түрік клубының футболшылары 5 айы бойы жалақыларын ала алмай келеді.
“Адандемирспордағы” ахуал осылай жалғаса берсе, команда шетелдік инвесторлардың меншігіне берілмек”, - деп жазады Azerisport.com.
Айта кетейік, Адана қаласының намысын қорғап жүрген ұжымда отандасымыз Абат Айымбетов өнер көрсетеді.
Біздің серіктес: FONBET