“Бешикташ” командасы турнир кестесінің төменгі орнында тұрған командадан айласын асыра алмады

Ыстамбұлдық “Бешикташ” ұжымы Түркия Суперлигасының 37-турында “Хатайспормен” тең тарқасты (2:2).

“Бешикташ” командасы турнир кестесінің төменгі орнында тұрған командадан айласын асыра алмады

Түркия Супелигасы, 37-тур

“Бешикташ” 2:2 “Хатайспор”

Голдар: Матондо 26’, Фернандес 50’, Деле-Баширу 55’, Абубакар 90+7’

“Бешикташ”:

Дестаноглу (Қ), Свенссон, Сануч, Колли, Масуаку, Тыкназ, Аль-Мусрати, Окслейд, Рашица, Тосун, Кылычсой

“Хатайспор”:

Бека (Қ), Йылмаз, Килама, Сертел, Камил, Деле-Баширу, Мехди, Матондо, Фернандеш, Руи Педро, Страндберг

Қазақстан ұлттық құрамасы ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов бұлшық ет жарақатына байланысты бұл кездесуден шет қалды. Футболшы мамыр айында бірде-бір ойын өткізген жоқ. 

“Бешикташ” клубы чемпионаттың аяқталуына бір тур қалғанда турнирлік кестеде 56 ұпаймен 5 орында келеді. Ал “Хатайспор” болса, 37 матчта 38 ұпай жинап, 17 орында тұрақтап қалды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×