“Бешикташты” баптап қалуы мүмкін деген тағы бір кандидат шықты

“Карабах” командасының бапкері Гурбан Гурбанов Azerisport.com сайтына берген сұқбатында “Бешикташ” командасының оған деген қызығушылығы бар екенін ашып айтты. 

“Бешикташты” баптап қалуы мүмкін деген тағы бір кандидат шықты

 

  • “Бешикташ” сізді командасының бас бапкерлігіне кандидат ретінде қарастырып отыр. Осы жайында хабарыңыз бар ма?

“Бұл мәселеге байланысты көпіріп көп сөз айтқым келмейді. Жалпы “Бешикташ” менімен байланыс орнатқалы 2 айдай уақыт болды. Маған олардың ұсынып жатқан ұсыныстары ұнамады. Түрік ұжымын жаттықтыруға деген менің де ынтам жоғары емес. Сондықтанда бұл әңгімені осы жерден тоқтатайық. Себебі, бұл мәселеге оралған сайын өзіме түрлі сауалдар келіп түсуде”. 

Айта кетейік, Гурбанова “Карабах” құрылымында 2008 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Осы аралыққа дейін ол өзі баптаған команданы 10 рет Әзербайжан чемпионы қылды.

Еске салсақ, “Бешикташ” командасы бір маусымда 4 бірдей бапкерді қызметінен алды. Олар: Шенол Гюнеш, Бурак Йылмаз, Рыза Чалымбай және Фернанду Сантуш.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×