«Бетистің» шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Хоакин футбол тарихына Еуропа лигасында гол соққан ең егде жастағы (41 жас 56 күн) ойыншы ретінде енді.
Испаниялық футболшы бұл рекордты Еуропа лигасының 2-турында «Лудогорец» командасымен болған ойында жасады. Хоакин матчтың 39-минутында өз командасының екінші голын соқты. Ал кездесу 3:2 есебімен «Бетистің» пайдасына шешілді.
Еске салайық, Хоакин «Бетиске» 2015 жылы «Фиорентинадан» ауысып келді. Футболшы 1999-2006 жылдар аралығында «Севилья» клубында ойнаған. Одан кейін «Валенсия» мен «Малага» командаларында да доп тепті. Өткен маусымда футболшы 21 матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берген екен.
Біздің серіктес: FONBET