Бір «Боруссия» ұтты, бір «Боруссия» ұтылды

12.04.2015, 03:34
Бір «Боруссия» ұтты, бір «Боруссия» ұтылды
Бундеслиганың 28-ші турында менхенгладбахтық «Боруссия» өз алаңында дортмундық «Боруссияны» қабылдап, сенімді жеңіске жетті. Жанкүерлер есептің ашылуын көп күткен жоқ. Бар болғаны бірінші минутта Оскар Вендт допты қонақтардың қақпасында тулатты. Араға жарты сағат салып, Рафаель Патрик Херрманның пасын голға айналдырды. 67-ші минутта Хавард Нордвейт есепті 3:0-ге жеткізді. 77-ші минутта Илкай Гюндоган есеп айырмасын қысқартқанымен, одан әріге қонақтардың шамасы жетпеді. Қорытынды есеп – 3:1. Бұл матчтан кейін Менхенгладбахтың «Боруссиясы» 53 ұпаймен үшінші сатыға тұрақтады. Ал дортмундтықтар 33 ұпаймен оныншы орында келеді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×