«Бір былығым білінбес»

22.07.2021, 06:03
«Ростов», «Црвена Звезда» командаларының ойыншысы, Гелор Канга осы уақытқа дейін не жасырып жүр?
«Бір былығым білінбес»

Қазақ футболының жанкүйері ретінде, чемпиондар лигасының іріктеу кезеніңде Алматылық «Қайрат» командасына қарсылас атанған Белградтық «Црвена Звезда» командасының ойыншыларына біраз шолу жасадым. Шолу барысында өзіме таныс бір футболшының қазіргі командалық статистикасына үңілу үшін ғаламторға жүгініп едім, бір қызық ақпаратқа тап болдым. Ресейде жасындай жарқыраған Канга не себеппен екені белгісіз, төл құжатының сандарына жөңдеу еңгізген екен. Ұзақ жылдар бойы Канганың төлқұжат дауы үлкен резонанс тудырыпты. Африка футбол федерациясы, әлемдік футбол қауымдастықтарымен бірігіп, даудың шешу жолдарын табуға жұмыс атқарған, бірақта нәтижесін шығармаған.

Түсінбей жатқан оқырмандар болса түсіндіре кетейін, «Ростов», «Спарта Прага», «Црвена Звезда» ойыншысы Канга ғаламтор желісінде екі түрлі датада туылған деп есептелген футболшылар қатарында. Бір деректерде 1985 жылдың 8 қазаныңда десе, ал біреуінде 1990 жылдың 1 қыркүйегінде деп жазылыпты. Негізінде Гелор Какку Ганга, Габонда емес, Конго ДР 1985 жылы Киншаса қаласында дүние есігін ашыпты. Бұл ақпаратты Конго ДР Канганың Габон құрамасында бой көрсетіп жүргеніне қарсылық білдіру мақсатында көрсеткен дәлелі екен. Келтірілген дәлелдерге келіспеген жартылай қорғаушының айтуынша, ол 1990 жылы Габонда туылған, ал оның анасы 1985 дүниеден озды деп жауап қайырған. Осы мәселені шешуге атсалысып жатқан азаматтар, бұл пікірден кейін тіптен тығырыққа тірелді.

Футболшының аузынан басқа келмес деректі естіген федерация қауымдастықтары төлқұжатын ауыстыруы мүмкін деген Канганың ісін жабулы қазан ретінде қалдыра салды. Қазірде жартылай қорғаушының өмірбаянында 1990 жылдың 1 қыркүйегі, Оем қаласы, Габон Республикасында дүниеге келген деп, дерек жарияланыпты. Күрмеуі күрделі байланған бұл істін аяғы болмады, футбол әлемін бір ойландырып тастаған футболшы, дәлелдердің болмауына байланысты футбол қауымдастықтары тарапынан ешқандай жаза алмады. Әйтпесе футбол заңында егерде футболшы төлқұжат мәліметтерін ауыстырса, онда жасыл алаңда ойнауын біраз мерзімге шектетеді немесе үлкен көлемде айыппұл салады. Өзін бес жылға жасартқан футболшы, Сербияда футболын түк білмегендей жалғастырып жүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×