Бір ғана футболшы елінің футбол федерациясын баспаналы етті

Бүгін, 17:25

Сенегал футбол федерациясы Дакардың ең беделді аудандарының бірі — Кер Горгидегі зәулім ғимаратқа көшетін болды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Бір ғана футболшы елінің футбол федерациясын баспаналы етті

Бұл жай ғана кеңсе емес, ұлттық құраманың капитаны әрі аңыз шабуылшысы Садио Маненің жеке меншігіндегі нысан.

“Әл-Наср” сапында өнер көрсетіп жүрген Мане тек алаңда ғана емес, жылжымайтын мүлік нарығында да гол соғуын тоқтатар емес. Федерацияның жаңа штаб-пәтері 12 қабаттан тұратын заманауи мұнара болмақ. Бұл қадам Сенегал футболының әкімшілік жүйесін жаңа деңгейге көтеріп, инфрақұрылымды жақсарту мақсатында жасалып отыр.

“Бұл көші-қон — Сенегал футболын жаңғырту жолындағы маңызды қадам. Біз ең заманауи жағдайда жұмыс істейтін боламыз." — деп хабарлады федерация өкілдері.

Көпшілік Садио Мане өз елінің федерациясына ғимаратты тегін береді деп күткенімен, бұл таза бизнес жоба болып шықты. Ресми мәліметтерге сүйенсек, федерация Садионың компаниясына жыл сайын қомақты қаржы төлейді. 

Жылдық жалдау құны шамамен 360 миллион FCFA, eуромен есептегенде 550 000-ға жуық.

Садио Мане бұл инвестициясы арқылы өзінің футболдан кейінгі болашағын ғана емес, ел экономикасына да үлес қосуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×