“Еуропаға қайта оралу оңай емес” – Қазақстандық футболшы мансабына қатысты шындықты айтты

Бүгін, 17:13

Ұлттық құраманың жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов шетелдік клубтарға ауысу мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Еуропаға қайта оралу оңай емес” – Қазақстандық футболшы мансабына қатысты шындықты айтты

Vesti.kz порталына берген сұхбатында ол өз амбициялары мен қазіргі жағдайын таразылады.

Рамазанның айтуынша, Eуропалық аренада өнер көрсетуге деген құлшынысы әлі де жоғары. Дегенмен, футболшы кәсіби спорттағы жас мөлшерінің маңызды екенін жасырмады.

“Еуропаға қайта оралу ма? Мотивация әрдайым бар. Мен үнемі өз-өзімді дамытуға тырысамын. Бірақ ашығын айтқанда, менің жасымда Еуропаға бару оңай шаруа емес. Әрине, амбиция жоқ емес, бірақ қазір бар зейінімді “Елимай” клубы мен Қазақстан құрамасына аударып отырмын.” — деді Рамазан Оразов.

28 жастағы Рамазан — Қазақстандық футболшылардың арасында шетелде ең көп тәжірибе жинақтаған ойыншылардың бірі. Оның карьерасында бірнеше еуропалық ұжым болды. Атап айтқанда: “Силькеборг” (Дания), “Копер” (Словения), “Чайка” (Ресей) және “Даугавпилс” (Литва).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×