“Ақтөбеден” кейінгі тығырық – Магомед Адиевтің неліктен “МЛ Витебскні” таңдағаны белгілі болды

Бүгін, 16:59

Қазақстан ұлттық құрамасының тарихындағы ең табысты бапкер Магомед Адиев мансабындағы жаңа бұрылыс туралы пікір білдірді, деп хабарлайды, Aladop.kz.

“Ақтөбеден” кейінгі тығырық – Магомед Адиевтің неліктен “МЛ Витебскні” таңдағаны белгілі болды

Тәжірибелі маман Беларусьтің “МЛ Витебск” ұжымымен келісімшартқа отырғанын растап, бұл шешімнің астарында не жатқанын ашып айтты.

Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында Адиев Қазақстан премьер-лигасында өзіне лайықты ұсыныстардың болмағанын жасырмады.

“Қазақстанда “Ақтөбеден” кейін басқа нұсқалар болған жоқ. Сондықтан “МЛ Витебск” клубының ұсынысын қабыл алдым." — деді Магомед Мусаевич.

Маман алдымен “МЛ Витебск” клубының қазіргі ойыншыларымен танысып, команданың әлеуетін байқап көрмек.

“Жазғы трансфер кезінде құрамды Қазақстандық ойыншылармен күшейту туралы айту әлі ерте. Бәрі уақыт еншісінде.” — деп мәлімдеді бапкер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×