Клуб басшылығы команданың тізгінін қайтадан Алексей Шпилевскийге сеніп тапсыруы мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.
Естеріңізде болса, Беларусьтік маман 2019-2021 жылдар аралығында “Сары-Қаралармен” бірге табысты жұмыс істеп, Алматыға ұзақ күткен Қазақстан Премьер лигасының алтынын сыйлаған болатын.
ЖаркOFF телеграм арнасының жазуынша, маман Алматыға мынадай себептерден кейін оралуы мүмкін:
Қазіргі таңда “Қайраттың” жағдайы мәз емес. Клуб басшылығы Рафаэль Уразбахтин бастаған жаттықтырушылар штабының жұмысына және соңғы матчтардағы нәтижелерге көңілі толмай отыр. Халықаралық аренадағы бәсекелер басталар алдында клуб тізгінін тәжірибелі маманға ұстатуды қалайды.
Шпилевский “Қайраттан” кеткен соң Германия, Кипр және Ресейде жұмыс жасады.
Жақында ғана Ресейлік клубтан босатылған Шпилевский қазір еркін агент. Демек, оның Алматыға келуіне ешқандай кедергі жоқ.