Мәскеулік «Динамоның» бұрынғы бапкері Самородов пен Кенжебектің командасын жаттықтырмақ

Бүгін, 10:07

Ресейлік 49 жастағы маман Ролан Гусев жақын арада Грозныйдың «Ахмат» клубының бас бапкері қызметіне тағайындалмақ, деп хабарлайды Aladop.kz.

Мәскеулік «Динамоның» бұрынғы бапкері Самородов пен Кенжебектің командасын жаттықтырмақ
Rolan Gusev

«РБ Спорт» мәліметінше, Гусевтің Воронеждің «Факел» клубын жаттықтыру мүмкіндігі болған. Алайда маман бұл ұсыныстан бас тартып, «Ахматқа» ауысуды жөн көрiп отыр.

Бұған дейін «Чемпионат» басылымы Грозныйлық клуб басшылығы қазіргі бас бапкер Станислав Черчесовты қызметінен босатуды жоспарлап отырғанын хабарлаған.

Айта кетейік, «Ахмат» Ресей Премьер лигасының 13 турынан кейін 11 ұпай жинап, турнирлік кестеде соңғы орыннан бір саты жоғары, 15-орында тұр.

Грозныйлық клубтың құрамында Қазақстан құрамасының футболшылары Максим Самородов пен Ғалымжан Кенжебек өнер көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
×