Вахид Масудов «Алтайдың» Премьер лигадағы орнын сақтап қалуы туралы: «Бізді тым ерте есептен шығарды»

Бүгін, 10:52

Өскемендік «Алтай» клубының бас бапкері Вахид Масудов Қазақстан Премьер лигасының соңғы турында Aлматылық «Қайратпен» 1:1 есебімен тең түскеннен кейін маусым қорытындысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Вахид Масудов «Алтайдың» Премьер лигадағы орнын сақтап қалуы туралы: «Бізді тым ерте есептен шығарды»

Бұл нәтиженің арқасында «Алтай» 28 ұпай жинап, келесі маусымда да Қазақстан Премьер лигасында өнер көрсету құқығын сақтап қалды.

Вахид Масудов команданың жетістігіне тоқталып, жаттықтырушылар штабы мен футболшылардың еңбегін жоғары бағалады.

«Біз үшін бәрі сәтті аяқталды. Ең алдымен, жаттықтырушылар штабына алғыс айтқым келеді. Олармен қаншалықты мақтанатынымды елестете де алмайсыздар. Команданың Премьер лигадағы орнын сақтап қалуы үшін бар күш-жігерін жұмсады. Біз көп еңбек еттік. Өйткені бұл – жаңадан жасақталған команда. «Алтай» 13–15 жыл бойы Премьер лигада өнер көрсеткен жоқ. Сондықтан бұл маусым біз үшін үлкен тәжірибе болды. Менің ойымша, бізді тым ерте есептен шығарды. Командаға және жаттықтырушылар штабына алғысымды білдіремін. Біз Премьер лигадағы орнымызды сақтап қана қоймай, жоғары деңгейде бәсекеге қабілетті екенімізді көрсеттік. Енді клубты одан әрі дамыту және күшейту үшін қай бағытта жұмыс істеу керектігін түсіндік», – деді Масудов.

Айта кетейік, «Алтай» 2026 жылғы Қазақстан чемпионатын 28 ұпаймен 14-орында аяқтады.

Өскемендік клуб турнирлік кестеде «Қайсар» мен «Жетісуден» жоғары орналасып, элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалды. Ал Қызылордалық және Талдықорғандық командалар Премьер лигадан шығып, келесі маусымда Бірінші лигада өнер көрсететін болады.

Осылайша, маусым алдында басты аутсайдерлердің бірі саналған «Алтай» өз мақсатына жетіп, Қазақстанның жоғары дивизионында қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Aladop Youtube
×