"Біраз елге" кімдер жолдама алады?

11.10.2013, 06:26
"Біраз елге" кімдер жолдама алады?
brasilworldcup Төрт жылда бір айналып келетін Әлем чемпионаты да жақындап келеді.Тек I тобындағы командалар ғана демесеңіз. Келесі жылы Бразилияда өтетін әйгілі додаға баратын құрамалардың біразын анықтауға небәрі 2 ойын қалды. Бұл іріктеу ойындарында Қазақстан құрамасы С тобында бақ сынайтыны белгілі. Бұл күндері ұлттық құрамамыз Фарер аралдарына ұшып кетті. Бүгін, яғни 11- Қазан күні Қазақстан сырт алаңда Фарер аралдарына қарсы ойын өткізсе, 15-і Ирландияда ойнайды. Бұл ойындардың есебін өз пайдамызға жазып, ұпай толықтыру маңызды. Айта кетейік, команда капитанымыз Қайрат Нұрдәулетов жарақат алып, ойынға қатыса алмайды... photo_26291 Жалпы Еуропадағы командаларды Бразилияда өтетін әлем біріншілігіне жолдаманы үлестіру үшін 9 топқа бөлген. Әр топтан бірінші орын алған құрамаларға жолдама бірден беріледі. Ал, екінші орындағылар бір- бірімен ойнап шектеулі жолдамаға таласатын болады. Енді сол топтардағы командалардың жағдайына  көз жүгірте кетсек. А тобы
1 Бельгия 8 7 1 0 15:2 22
2 Хорватия 8 5 2 1 11:5 17
3 Сербия 9 3 2 4 13:10 11
4 Шотландия 9 2 2 5 6:12 8
5 Македония 8 2 1 5 6:10 7
6 Уэльс 8 2 0 6 7:19 6
Бұл топта Белгия мен Хорватия басты үміткер.  Белгия құрамасына көзіміз бірден түсері сөзсіз. Кезінде Англияның өзін үйінде қалдырған Хорватиямен біраз ұпай бөліп тұр. В тобы
1 Италия 8 6 2 0 15:5 20
2 Болгария 8 3 4 1 13:6 13
3 Дания 8 3 3 2 9:10 12
4 Чехия 8 2 3 3 8:08 9
5 Армения 8 3 0 5 8:10 9
6 Мальта 8 1 0 7 4:18 3
Италия тікелей жолдаманы алып қойды деп айта берсек болады. Ал екінші орынға талас қызады. С тобы
1 Германия 8 7 1 0 28:7 22
2 Швеция 8 5 2 1 14:8 17
3 Австрия 8 4 2 2 16:8 14
4 Ирландия 8 3 2 3 13:13 11
5 Казахстан 8 1 1 6 4:17 4
6 Фарерские острова 8 0 0 8 3:25 0
Біздің топта азулы Германия әлем біріншілігіне жолдаманы қалтасына салып қойды. Ал, Швеция, Австрия екінші орынға таласады. Бұл орынға әбден лайық Швеция құрамасы екені белгілі. Келесі ойыны бізбен қатарлас Австрия құрамасына қарсы өтеді. Бұл ойын біраз болжамдарға шектеу қояды. Д тобы
1 Нидерланды 8 7 1 0 24:4 22
2 Венгрия 8 4 2 2 18:12 14
3 Турция 8 4 1 3 14:7 13
4 Румыния 8 4 1 3 13:12 13
5 Эстония 8 2 1 5 6:16 7
6 Андорра 8 0 0 8 0:24
Д тобында Нидерланды фаворит. Екінші орын үшін талас қыза түспек. Е тобы
1 Швейцария 8 5 3 0 14:5 18
2 Исландия 8 4 1 3 14:14 13
3 Словения 8 4 0 4 11:10 12
4 Норвегия 8 3 2 3 9:09 11
5 Албания 8 3 1 4 8:9 10
6 Кипр 8 1 1 6 4:13 4
Ал, Е тобында жағдай тіпті қиын. Швейцарияны бірінші орын деп есептегеннің өзінде "екінші орынға мынау" деп дөп басу қиын. F  тобы
1 Россия 8 6 0 2 15:4 18
2 Португалия 8 5 2 1 16:08 17
3 Израиль 8 3 3 2 17:12 12
4 Северная Ирландия 8 1 3 4 8:14 6
5 Люксембург 8 1 3 4 7:19 6
6 Азербайджан 8 0 5 3 4:10 5
Россия дәл қазіргі уақытта бірінші орынын сақтап қалуға тырысары сөссіз. Өйткені 2 орын алып қалса жағдайы қиындай түседі. Ал, Португалия екінші орынмен әупірімдеп өтуге машықтанған. Бірақ Португалдарда жолдаманы ертерек алуға барын салады. Демек 1- орын үшін тартыс күшеймек. G  тобы
1 Босния и Герцеговина 8 6 1 1 25:5 19
2 Греция 8 6 1 1 9:4 19
3 Словакия 8 3 3 2 9:7 12
4 Литва 8 2 2 4 7:10 8
5 Латвия 8 2 1 5 8:16 7
6 Лихтенштейн 8 0 2 6 3:19 2
G тобында да бірінші, екінші орын белгілі. Тек бірінші орынға жайғасатын құраманы тану қалды. H тобы
1 Англия 8 4 4 0 25:3 16
2 Украина 8 4 3 1 19:4 15
3 Черногория 8 4 3 1 15:8 15
4 Польша 8 3 4 1 18:9 13
5 Молдова 8 1 2 5 4:15 5
6 Сан-Марино 8 0 0 8 1:43 0
Сербиядан бөлініп шыққанына көп бола қоймасада Черногорияның ойынына риза боласың. Украинамен мүмкіндігі бар орынға таласады. Англияға да алдағы 2 матч маңызды. Полшағада азда болса мүмкіндік бар. Ендеше  Н  тобындағы кездесулер финалға татитын деп айтсақ қателеспейміз. I тобы
1 Испания 6 4 2 0 10:2 14
2 Франция 7 4 2 1 12:6 14
3 Финляндия 7 2 3 2 5:06 9
4 Грузия 7 1 2 4 3:8 5
5 Беларусь 7 1 1 5 6:14 4
Соңғ І тобында бәрі анық. Испания қарсыластарынан бір ойын кем өткізгеніне қарамастан бірінші орында. Дәл қазіргі уақыттағы әлем чемпиондарымен бұл орынға таласу оңайға соқпас. Жалпы ұлттық құрамаларға шолу жасап  өттік. Енді соңғы 2 ойынды назарымыздан тыс қалдырмасақ бәрін аңғаратын боламыз. "Біраз елге"  баратын біраз командаларды білетін күн алыс емес. Қазақстан және Фарер аралдары арасындағы матчты бүгін Қазақстан ұлттық арнасынан 23: 00 де тікелей эфирде көрсетеді. Дайындаған: Қорқыт ЖӘЛИ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×