
«Ертіс» - «Шахтер» кездесуі
Бірінші лиганың төртінші турында павлодарлық «Ертіс» пен қарағандының «Шахтері» шеберлік байқасып, тең тарқасты 0:0.
Бұл қос клубтың турнирдегі алғашқы тең нәтижесі - қарағандылықтар да, павлодарлық клуб та қатарынан 3 ойында үш ұпайдан еншілеп келген еді.
Сонымен, Бірінші лигада төртінші тур қортындысы бойынша екі командада да 10 ұпайдан. Қайрат Нұрдәулетов жаттықтыратын «Ертіс» тек қосымша көрсеткіштерінің арқасында турнирлік кестеде бірінші орында тұр. Ал «Шахтер» екінші сатыға жайғасқан.
Біздің серіктес: FONBET