Артем Дзюба келесі айда ҚПЛ клубының жейдесін кимек

01.05.2025, 20:29

@candidate_kairov телеграмм-арнасының мәліметіне сәйкес, шабуылшы Артем Дзюба жазда алматылық «Қайрат» қатарынан көрінуі ықтимал.

Артем Дзюба келесі айда ҚПЛ клубының жейдесін кимек
Артем Дзюба

«Мен Қытайға Слуцкийге қонаққа барамын, бір-бірімізбен жүздесіп, сөйлесеміз. Мүмкін мен оның командасымен аздап жаттығатын шығармын. Олардың қандай деңгейде екенін көру үшін осылай жасап көремін. Келісімшарт? Жо-жоқ, мен ол жаққа бармаймын, тым алыс. Жай ғана Викторичпен көрісіп, әңгімелесемін», - деді ресейлік шабуылшы.

Сондай-ақ танымал желі авторы Ербол Қайыров ресейлік шабуылшының алдағы жоспарына қатысты да тоқталған. 

«Дзюба қазір «Акрон» сапында доп теуіп жүр. РПЛ маусымы 24 мамырда аяқталады. Осыдан кейін Артем «Қайрат» клубына қосылуы мүмкін», - делінген телеграм-арнасының хабарламасында. 

Айта кетейік, алматылық клубтың басшысы Қайрат Боранбаев та Артем Дзюба туралы ойын айтып, ресейліктің келуіне қарсы емес екенін жеткізген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×