
Ұлттық команданы тізгіндейтін Әли Әлиев үшін құрамада ерекше, орны бөлек ойыншы жоқ.
Қазақстандық маманға барлығы бірдей және шетелде ойнайтын футболшыларға да мотивация беру үшін ерекше тәсілді қолданады.
«Шетелде жүрген құрама ойыншылары ұлттық құраманың алдындағы жауапкершілікті түсінуі керек. Құрама саған керек, керісінше емес. Себебі сен өзіңді құрама сапында керемет көрсетсең, онда мүлде басқа деңгейдегі клубпен келісімшартқа отыруың мүмкін. Біз саған тәуелді емеспіз — сен бізге тәуелдісің. Мұны мен Нұралы Әліпке де, Максим Самородовқа да айттым», - деді Ә. Әлиев YouTube-тағы «Sport Pulse» арнасының эфирінде.
Әли Әлиев құрама тізгінін жыл басында ұстады. Ол ресейлік бапкер Станислав Черчесовтің орнын басқан болатын. Әли Ханәліұлының жаттықтыруымен бас команда ӘЧ-2026 іріктеуінде екі ойын өткізіп үлгерді – сырт алаңда Уэльстен 1:3 есебімен ұтылып, Лихтенштейнді 2:0-мен жеңді. Екі турдан кейін Қазақстан J тобында 3 ұпаймен үшінші сатыға жайғасқан.
Біздің серіктес: FONBET