«Жеңіс» жейдесін испаниялық шабуылшы киді

02.05.2025, 13:26

Астаналық «Жеңіс» испаниялық Мигель Анхель Хунко Мартинеспен келісімге келді.

«Жеңіс» жейдесін испаниялық шабуылшы киді
Мигелем Анхелем Хунко Мартинес

Бұл туралы Sports.kz мәлімдеген болатын.

Мартинес испаниялық «Райо Кантабрия» командасының түлегі саналады. 32 жастағы шабуылшы «Альмудевар», «Сариньена», «Туделано», «Марино Луано», «Херес Депортиво» және «Химнастика Сеговиана» клубтарының намысын қорғаған. Сондай-ақ, Камбоджа чемпионатында доп тепкен. Онда Мартинес «Свайриенге» ұжымының намысын қорғады. Бұдан бөлек Малайзия және Финляндия біріншілігінде өнер көрсетті. Финляндияның «КТП» командасымен сол жақтың жоғары дивизионға жолдама алып, үздік сұрмерген атанды. Мартинес жалпы сол 2022-жылғы маусымның үздік ойыншысы атанғанын да қоса кетуіміз керек.

«Жеңіс» премьер-лиганың 6 турынан кейін 5 ұпаймен 10-сатыға жайғасқан.         

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×