Бірінші лигаға жолдама алған командалар анықталды

18.09.2015, 20:35
Бірінші лигаға жолдама алған командалар анықталды
Екінші лига клубтары арасында Қазақстан Республикасы біріншілігінің жартылай финалдың матчтары өтті.
Жарыс ережесіне сәйкес, Екінші лигада бірінші және екінші орын алған командалар Қазақстанның Бірінші лигасына жолдама алады. Бірінші жартылай финалда Сарань қаласының «Гефест» командасы Шымкент қаласының «Шалқар» командасын әрең ұтты. Ойын 2:2 есебімен тең аяқталып, пенальти сериясында «Гефест» футболшыларының жолы болды - 5:4. Екінші жартылай финалдың жеңімпазы да пенальти сериясында анықталды. Елордалық «Прогресса KZ» пен Солтүстік Қазақстан облысының «Рузаевка» командасы негізгі уақытты 1:1 есебімен аяқтады. Матч соңынан кейінгі пенальтиде елордалық футболшылар 6:5 есебімен басым түсті. Сәйкесінше, Қарағанды облысы мен Астана қаласы Бірінші лигада жаңа команда тіркеу мүмкіндігіне ие болды. Еске сала кетейік, Бірінші лигада елордадан «Бәйтерек», ал Қарағанды облысынан теміртаулық «Болат-АМТ» ойнайды. Ойын нәтижесі және күнтізбе: 10 қыркүйек 2015 жыл «Рузаевка» (СҚО) - «Гефест» (Сарань) 2:7 «Пронет» (Ақтөбе) - «Еуразия» (Ақсу) 2:0 «Вест-Кроун» (Ақтөбе) - «Нардос» (Павлодар) 2:6 «Шалқар» (Шымкент) - «Прогресс KZ» (Астана) 2:3 11 қыркүйек 2015 жыл «Гефест» - СДЮШОР №7 (Шымкент) 7:2 «Рузаевка» - «Еуразия» 4:2 12 қыркүйек 2015 жыл «Вест-Кроун» - «Прогресс KZ» 4:5 «Шалқар» - «Нардос» 3:0 13 қыркүйек 2015 жыл «Еуразия» - «Гефест» 0:7 СДЮШОР №7 - «Пронет» 0:1 14 қыркүйек 2015 жыл «Прогресс KZ» - «Нардос» 4:2 «Шалқар» - «Вест-Кроун» 1:0 СДЮШОР №7 - «Еуразия» 2:3 «Пронет» - «Рузаевка» 0:1 15 қыркүйек 2015 жыл «Рузаевка» - СДЮШОР №7 3:1 «Пронет» - «Гефест» 1:1
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Жуков ауруханаға түсті
Келесі жаңалық
Туриндегі тарихи оқиға
Серіктес жаңалықтары
×