Біріншіліктің алғашқы тең ойыны

27.03.2012, 05:05
Біріншіліктің алғашқы тең ойыны
Ел чемпионатының  III-ші турында Қаскелендік «Сұнқар» Шымкенттің «Ордабасын» қабылдады. Ойын басталысымен-ақ қонақтар шабуылдауға кірісті.  Ойын жаймен ортаға ауысып, командалар тек алыстан ғана соққылар жасауға бел буды. Сондай бір соққылардың бірі голмен аяқталар еді, бірақ «Сұнқардың» қорғаушылары дер кезінде ойынға араласты. Кездесудің ортасында қожайындар ойынды өз қолдарына алып, бірнеше қауіпті соққылар жасады. Милош Адамович допты қабылдағанмен, оны ары-қарай шымкенттің қорғаушыларынан өткізе алмады. Ал Луис Родригес болса допты өзінен тым асырып жіберді. Әлібек Бөлешев қолмен ойнағаны үшін төрешіден сары қағаз алды. 1-ші таймның соңында Олег Сабиров «Ордабасының» айып алаңына пас жіберген болатын, бірақ ол пас қорғаушылардан өтпеді. 2-кезең «Сұнқарлықтардың» алмасуымен басталды. 7-нөмерде ойнаған Жігер Көкеевтің орнына, алаңға  30-нөмерлі Александр Андреев шықты. 47- минутта Дәурен Тәжімбетов соққы жасаған болатын, алайда оның добын қақпашы қайтара білді. Ойын барысындағы «сұнқарлықтардың» кезекті алмасуы. Милош Никезич Адамовичты ауыстырды. Қаскелендіктер қарымта шабуылдардың арқасында бұрыштама добын соғу құқына ие болды. Тағы да шымкенттік қақпашының шеберлігі аса жоғары болды. 67-минутта Луис Родригестің орнына алаңға тыңнан Алексей Шапурин шықты. Ойынның соңында Роман Пахолюк дөрекі ойын үшін сары қағаз алды, артынша Эндрю Мвесигва да «сұнқарлық» шабуылшыны құлатқаны үшін сары қағаз иегері атанды. Қаскелендіктер айып добын аса сәтті орындай қойған жоқ. «Ордабасының» сапында капитан Қайрат Әшірбековтің орнына жасыл алаңға Гафуржан Сүйімбаев шықты. Кездесудің негізгі уақытына бас төреші 4 минут уақыт қосты. Төрешінің ысқырығы – ойын тең дәрежеде 0-0 есебімен аяқталды.

                Сымбат Көпберген

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×