Біржан Оразов: «Иә, есеп 1:1, бірақ біз топтан бірінші орынмен шықтық»

19.09.2021, 15:10
Біржан Венсуэланың топтағы ең мықты қарсылас болғанын айтты.
Біржан Оразов: «Иә, есеп 1:1, бірақ біз топтан бірінші орынмен шықтық»

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Біржан Оразов әлем чемпионатының топтық кезеңінде Венесуэлаға қарсы өткен ойынды (1:1) қорытындылады:

- Біз тең ойынға қарамастан плей-офф кезеңіне бірінші орынмен шықтық. Жалпы, ойын жайлы не айтасыз?

- Ойын өте қиын болды. Бұл біздің топтағы ең мықты қарсыластардың бірі болды. Бізге бірінші кезекте плей-оффқа шығу міндеті қойылды және біз бұл тапсырманы орындадық. Енді біз әрі қарай жылжимыз.

- Бүгінгі қарсылас бұрынғыларға ұқсамады.

- Әрине, қарсылас өте мықты. Біз оларды жаттықтырушылар штабымен бірге талдадық. Ойын бойы бізде шабуылдар көбірек болды, бірақ соңғы минуттарда гол жіберіп алдық. Иә, есеп 1:1, бірақ біз топтан бірінші орынмен шықтық. Біз басты мақсатымызды орындадық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×