Рикардо Кака: «Енді әр матч финал ретінде ойналуы керек»

19.09.2021, 14:52
Қазақстанның плей-офф кезеңіндегі қарсыласы бүгін белгілі болады
Рикардо Кака: «Енді әр матч финал ретінде ойналуы керек»

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака әлем чемпионатының топтық кезеңінде Венесуэламен болған ойын (1:1) туралы пікір білдірді:

- Тапсырма орындалды. Біз бірінші болғымыз келді және бүгін осы мақсатқа жету үшін жеткілікті күш жұмсалды. Әрине, біздің қақпамыздың маңында қауіпті сәттер болды, бірақ бізде ойынның барысын өзгерте алатын керемет мүмкіндіктер болды. Біздің команда ең жақсы матчын өткізді деп айта алмаймын, ал қарсылас, керісінше, осы үш ойында өзінің ең жақсы матчын өткізді. Біз қорытынды жасап, бүгін жіберілген қателерді түзетеміз. Бізде плей-офф кезеңіне дайындалуға бес күн бар. Келесі кезеңде ұтсаң қаласың, жеңілсең ұшасың. Біз бір тапсырманы орындадық, енді әр матч финал ретінде ойналуы керек.

- Команда соңғы 10 секундта гол жіберіп алды. Бұл концентрацияның жоғалуынан ба?

- Жоқ, білесіз бе, бұл соққыға тосқауыл қойылған еді. Бірақ доп қарсыластарда қалды. Бұған дейін біз жап-жақсы қорғандық, біздің қақпамыздың маңында мүмкіндіктер болмады. Содан кейін олар қысым жасай бастады және бір мүмкіндіктен-ақ гол соқты. Әрине, бұл эпизодты қайта қарау керек. Кейбір сәттерде біз прессинг жасай алмадық. Қорғанысқа келсек, сәтсіздіктер болған жоқ. Жай ғана жағдай осылай болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×