Биыл 485 гол соғылған

26.12.2011, 00:08
Биыл 485 гол соғылған
Сауалнама қорытындысы. "Аладоп.кз" сайтының оқырмандарының ойынша биылғы жылдың үздік аяқдопшысы деп Ұлан Қонысбаев танылды. Оған респонденттердің 40 % дауыс берген. 30 % - дауыс жинаған Жамбыл Көкеев екінші болса, үшінші орынды ақтөбелік Малик Мане иеленіп отыр. Статистика

Биылғы Қазақстан біріншілігінде 192 ойынның 104-інде алаң иелері жеңіске жетіп, 42 кездесу тең аяқталған. Сол ойындардың 18-і 0:0 және 1:1есебімен аяқталса, бес рет 2:2, бір рет 3:3 нәтижесі тіркелген. 46 кездесуде қонақтар жеңіске жеткен. Біріншілік бойы барлығы 485 гол соғылған. Оның 305-ін алаң иелері соқса, 180 голды қонақтар ұрған.

Біріншілік матчтарын барлығы 740 400 жанкүйер тамашалаған. Соның ішінде ең көп жанкүйер келген туры болып 17-тур саналады (33 750 жанкүйер). Бір кездесуде ең көп жанкүйер жинаған кездесу ретінде «Шахтер» - «Астана» арасындағы ойынды айтуға болады. Қарағандыдағы кездесуге 18 900 көрермен келген. Ал ең аз көрермен жинаған ойын ол «Восток» пен «Тобыл» арасындағы матч (500 көрермен).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×