Биыл Қазақстан Кубогінің жартылай финалы ерекше тартысты өтеді

09.05.2024, 06:42

Сонымен, Қазақстан Кубогінің ширек финалынан сүрінбей өткен төрттік енді жартылай финалда бақ сынамақ

Биыл Қазақстан Кубогінің жартылай финалы ерекше тартысты өтеді
"Ордабасы" - "Ақтөбе" кездесуі

Кешегі матчтардан кейінгі жағдай мынадай: "Тобыл" - "Ақтөбе" және "Атырау" - "Елімай". Қалай, тартысты матчтар тамашалаймыз ба? Жартылай финалдың ажары әрине, "Тобыл" - "Ақтөбе". Парфенов командасына бұл титулды тарихында екінші рет алатын жақсы мүмкіндік туып тұр. Ал қостанайлық ұжымның еншісінде Қазақстанның екі  Кубогі бар. Қос клубтың да көздегені титул секілді. Себебі, жүріп өткен жолдары оңайға соққан жоқ. Милич Чурчич шәкірттері  "Астанадан" айласын асырса (мейлі елордалықтар негізгі құраммен шықпаса да), "Ақтөбе" ел чемпионы "Ордабасының" мысын басты. Шымкенттегі ойындарын көрсеңіз "Ақтөбенің" бұл кезеңге бекер жетпегенін түсінесіз.

Сонымен, осы жұптың жеңімпазы биылғы Кубокті алып кетуі әбден мүмкін. Бұған әрине, семейлік және атыраулық жанкүйерлер қарсы. Олары дұрыс та. Себебі, "Елімай" мен "Атырау" бұл турнирде топ жарып көрмеген. "Атырау" қанша жерден Кубоктік команда атанса да, финалда жолы болмай-ақ келеді. Қос команда алдымен 29-мамырда Семей қаласында жолығады. Жауапты матч Атырауда маусымның 19-на жоспарланған. 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Кубогін ең көп ұтқан ұжым - "Қайрат". Алматылық клуб бұл турнирде 10 рет жеңіске жеткен екен. Ал ширек финалдан ары аса алмаған  "Жеңіс" пен "Астанада" Қазақстанның үш Кубогінен бар. Жоғарыда айтып өткеніміздей, жартылай финалға шыққандар арасында бұл турнирдің бас жүлдесі тек "Тобыл" мен "Ақтөбенің" еншісіне бұйырған. Ал "Атырау" мен "Елімайда" тарихи жетістікке жететін тамаша мүмкіндік бар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×