Биылғы «Алтын доптың» иегері анықталды

04.04.2025, 14:49

Әлемнің екі дүркін чемпионы Кафу Алматыда өткен Meta Sport Forum барысында 2025 жылғы «Алтын доп» иегері кім болатыны туралы сұраққа жауап берді.

Биылғы «Алтын доптың» иегері анықталды
"Алтын доп"

Форумда Бразилия құрамасының бұрынғы аңыз қорғаушысына португал тілінде «Алтын допты» кім алуы керек деген сұрақ қойылды. Кафудың пікірінше, әлемдік футболдағы ең беделді жеке марапат «Ливерпуль» мен Мысыр құрамасының шабуылшысы Мұхаммед Салахқа бұйыруы тиіс.  

Meta Sport Forum аясында Кафу «Жоғарыға өрлеу: influence-маркетинг брендтерге аудиторияны қалай табуға көмектеседі?» атты панельдік пікірталасқа қатысты. Ол спорттағы брендтер мен инфлюенсерлердің өзара әрекеттестігі туралы ой бөлісті.  

Мұхаммед Салах 2024/25 маусымында «Ливерпульмен» бірге АПЛ чемпионы атануға жақын. Англия чемпионатында мысырлық шабуылшы 29 матчта 27 гол соғып, 17 нәтижелі пас берді. Қазіргі «Алтын доп» иегері — «Манчестер Сити» мен Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Родри.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×