Біздің Пеха

12.08.2011, 19:09
Біздің Пеха
Ол туралы аңыз көп, шындыққа бергісіз. Ол туралы шындық бар, аңыз секілді. Евстафий Пехлеваниди. Өткен ғасырдың сексенінші жылдарындағы «Қайраттың» сұрмергені. Аяқдопқа тиесілі оқулықтарға енген теңдессіз шабуылшы. Кейбір маусымда кешегі Кеңес одағының таңдаулы отыз үш ойыншысының тізіміне енген. Тағы бір мәлімет: «Тығыршықтай, теке-тіресте әлді. Ұшқыр, әрі биік секіреді. Әуелеген доптарды тартып алудың шебері. Тартыста мерейі үстем. Екі аяқпен де тебеді. Соққылары мығым. Ойынға жан бітіретін қабілеті бар...». Дерек көзі – «Орыс футболының 100 жылы» анықтамасы. Ресейде басылған. Бірақ Пехливаниди біздікі. Талассыз, өзіміздің «Пеха». Ол анық. Солай еді-ау. Кеңес аяқдобының тарихында өз есімін жазды. «КСРО чемпионаттары тарихындағы ең жылдам гол «Қайрат» – Киевтің «Динамосы» кездесуінде соғылды. 1986 жылдың 3 қыркүйегінде өткен ойынның оныншы секундында алаң иелерінің шабуылшысы Евстафий Пехлеваниди мергендік танытты». Ел футболының бас мергені «Жас қазақ» газетіне берген сұхбатын назарларыңызға ұсынып отырмыз: (Евстафий аға сөзін Грекия жаңалығымен бастады.) – Грекиядағы соңғы оқиғалар жүректі сыздатады. Түбі бір туыстарым ғой. Тіпті кеткеніме талай жыл болды. Отаным деп те айтар едім. Әйтсе де... отан біреу секілді ғой. Оны өзіңіз білесіз... – Ол жақта не істеп жүрсіз, Евстафий аға... – Қос астарлы сұрақ сияқты ма? Қалай өзі... Грекияға барған бетте «Левадиакос» командасының сапында өнер көрсеттік. Отыз бес ойын, он бес гол соқтық дегендей. Сосын жас балаларды жиып алып, футбол әліппесін оқыттым. Негізінен орыс тілділер. Кешегі Кеңес аймағында тірлік кешкен бауырлардың балалары, Кап тауы бар, оның қапталы бар... қазақ жерінен көшіп барғандар... біраз жеткіншекті жиып алдық. – Шеберлер командасымен жұмыс істеудің сәті түспеді ғой... – Әркімнің тағдыр-талайы... – Қазақстаннан ұсыныс түспеді ме? – Әзірше жоқ. – Қазақ футболының бүгінгі жай-күйімен таныс шығарсыз... – Әрине, әрине. Әсіресе, «Каспионет» арқылы көрсетілген жаңалықтардан жылт ете қалатын футболды күтеміз. Интернет бар, содан қараймыз. Тіпті ойын кестесін жазып отырамын. – Ұлттық құрама туралы не айтасыз? – Не айтайын, сырттан көретіндердің бәрі ақылды. Шындықты ұғу үшін біте қайнау керек. Әйтпесе, долбар сөз ретінде ғана қалықтайды. Ішіне үңілгендер ғана шындықты жағаға шығарады. – Осы әлем футболының «денсаулығына» қалай қарайсыз? – Футбол дін аман. Ол шындық. Рас, романтика қалып бара жатқан болар, оның да жөні табылар. Алаңда жүрген жігіттерде ақыл азайса, ойлылық жоғалса, ол қауіп. Тапқырлық жетіспейтін секілді. Тіпті «таза індет» деп те айтар едім. Егер футболшы бапкерден үйренген бірдеңесін азық етсе дұрыс та шығар, бірақ табан астында тапқыр атанбайтындар алысқа ұзамайды. Сосын тума таланттар болады. Солар азайып кеткен секілді. Әлде іріктеуші, сұрыптаушылардың көзіне түспей жүр ме екен. – Бізді бүгінгі футболмен қатар бұрынғы футбол да қатты қызықтырады. Әсіресе, «Қайраттың» қарсыластарын алып соғатын кезі... – Ол келмеске кеткен күндер. Әлбетте тарихта, сіздердің және біздердің есімізде қалған әрі қала беретін бақытты сәттер. Сізге мынаны айтайын, ел футболының тәтті кезеңі біздің буынмен аяқталыпты, мүмкін ол бақыт шығар, ә. Евстафий Пехливаниди орнынан тұрып кетті. Вахид Масудов та қармана берді. Ойлы ойыншы еді ғой. Қандай ойға орап кетті біздерді. Не сыр бар әлгі «бақыт шығарының» астарында. Елуге келсе де, ширақ қимылдайтын шабуылшы талай сауал кезінде қорғаушылардан сытылып үйренген машығына салып, тығырықтан шығып отырды. Бір рет те тағдырға тас лақтырған жоқ. «Біздің деңгейімізге жете алмайды» демеді. Қайта әркімнің арқасынан қаға алатынын ескертті. Кез келген ойыншыны және бапкерді құрметтейтінін айтты. Әріптестердің бірі Самат Сымақов туралы айтқанда, ол: «әлгі мен білетін Самат па, тамаша қорғаушы еді, ұлттық құрамада жоқ» деді де, сөзін кілт іркіп, ойға беріліп отырып қалды. Сосын тілшілік сезімді тежей алмадық... Алдымен, ақпарат ұстатайық. Түпкі тегі Лазариди. Бабалары Түркияда тірлік кешкен. Атасының әкесі бармағынан күш саулаған балуан болыпты. Түріктер нағыз пехлеван аталған. Балалары «Пехлеваноғлы», – деп жазылады. Сосын «оғлыны» «иди» басады. Пехлеваниди. Евстафийдің атасы Түркиядан Хабаровскіге ауады. Кейін Кавказға көшеді. Батумиде наубайхана ашып, тірлік істейді. Балаларының бірі футболды ұнатып, доп тебуге зауқы соғады. Алкивиад өткен ғасырдың қырқыншы жылдары тіпті Тбилиси «Динамосының» сапында өнер көрсетеді. Кейін Қазақстанға, Шымкентке көшіп келеді. Қаладағы жалғыз спорт шебері. Бас баласын допқа баулиды. Жарып шыққаны – Евстафий. Біздің ойымыз. Дәл қазір Пехлеванидиді тіпті «Қайраттың» бас бапкері етіп бекітсе бар ғой, қазақ футболы ұтар еді. Балалар футболын ұсынса да бас тартар түрі көрінбейді. Кеңес біріншілігінде 226 ойын өткізіп, 69 гол соққан ардагердің түйгені көп болар, алғаны мол болар. Ал сары табақтан қайтқан сарқыт секілденген сабағын кімге береді? Дәрісін кімге оқиды? Неге Пехасын іздемейді, мына футбол? Евстафий – Қазақ футболының Пехлеванидиі. Ол – біздің Пехлеваниди.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.359
Ничья
5.45
П2
9.35
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.976
Ничья
3.91
П2
3.785
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.968
Ничья
3.875
П2
3.85
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.508
Ничья
4.89
П2
6.31
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.155
Ничья
3.585
П2
2.324
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.364
Ничья
3.85
П2
2.915
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.175
Ничья
3.785
П2
1.915
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.071
Ничья
16
П2
33
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.671
Ничья
4.53
П2
4.84
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.141
Ничья
9.8
П2
21
Aladop Youtube
×