Гол соққыш қақпашылар

12.08.2011, 21:26
Гол соққыш қақпашылар
Футбол - әлемдік аренада үлкен мәнге ие болып тұрған спорттың бірі, және футбол десе ала доп сүйер қауым есіне теңбіл доп шеберлерінің голдары түсері анық. Алайда қақпашылардың қарсыластарының қақпашысынан айласын асырып, доп ұруы сирек құбылыс. Міне , біздің сайт көптеген әдемі айып добын орындаушылардың голдарын , немесе әлем футболындағы әдемі сәттерді сіздерге бірнеше мәрте ұсынған болатын.Ендігі кезекте Sports.ru сайтындағы қақпашы голдарының рейтингі және басқа да қақпашы голдарын ұсынып отырмыз. 1-орын 80 жылдардағы бұл голдың иесі кім екені белгісіз, алайда қақпашының салған добы Марадонаның ұрған голынан кем емес. 2-орын Дарио Капогроссо 2009/10 жылғы Аргентина біріншілігінің екінші дивизионы Кай клубының қақпашысы айып добынан қарсылас қақпасының сыңылауын тапты. 3-орын. Камара. 2007-жылғы Израиль біріншілігінің екінші дивизионындағы Ахи клубының қақпашысы Бразилиялық қақпашы өз клубын қиын жағдайдан құтқарып қана қоймай , 101 метрден жойқын соққы жасап, гол ұрды.Міне нағыз қақпашы. 4-орын. Хосе Луис Чилаверт Аргентина біріншілігі.1996-жыл. Велез Сарсфилд клубының қақпашысы Хосе Луис Чилаверттің алаңның орта тұсынан орындаған айып добы қарсылас қақпасынана табылды. 5 орын Сильвио Прото. 2008-2009 жылғы Бельгия біріншілігі.Жерминаль клубының қақпашысы Бұрыштама добын орындаған әріптесінің пасын орынды пайдаланған Прото гол иесі атанды. Сонымен қатар бонус ретінде сіздерге қақпашылар салған тағы бірнеше голдар ұсынып отырмыз:
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×