Біздің қандастар мен легионерлер… (жалғасы)

20.03.2011, 19:55
Біздің қандастар мен легионерлер… (жалғасы)
Абай Керек дерек! «Атыраудан» қазақ іздесеңіз, Бакыт Абуов , Абзал Жұмабаев, Бейбіт Тәтішев, Бауыржан Жолшиев атты төрттікті ғана табасыз. Ал легионерлерден Джонатас Рикардо Соуза да Коста (Бразилия, «Навал» Португалия), Леон Джавиер Игнасио (Аргентина, «Кобресал» Чили) , Тарас Данилюк (Украина, «Салют-Энергия» Ресей) сынды ойыншылар бар. Керек дерек! Жеңілген «Ордабасының» сапында 14 қазақ бар: қос қақпашы Алмат Бекбаев пен Самат Отарбаев, Мұхтар Мұхтаров , Абылайхан Махамбетов ,Ғафуржан Сүйіммбаев , Даулет Дүйсеқұлов, Кайрат Әшірбеков, Талғат Адырбеков ( «Окжетпестен» келді), Ұлықбек Асанбаев , Фархатбек Ирисметов ( «Тобылдан»), Абзал Ешманов, Қанат Иманов , Азат Нұрғалиев ( «Тобылдан»), Дауренбек Тәжімбетов. Ал шетел асып келгендер мыналар: Александр Трайкович (Сербия),  Эндри Мвесинга (Уганда) , Артем Касьянов (Украина), Иван Перич (Сербия), Вагнер Кошта Перейра (Бразилия). «Жетісуда» Айдар Күмісбеков, Серікжан Мұжықов, Саят Сариев , Айдос Мейрманов , Акжол Серікжанов, Дәурен Сүйінов , Әсет Мұқашев, Даурен Құсаинов сынды қандастарымыз доп тебеді. Ал Арунас Климавичус (Литва, «Сибирь» Ресей), Милош Михайлов (Сербия, «Политехника» Румыния), Иван Цветкович (Сербия), Дарко Кременович (Словения, «Приморье» Словения), Улугбек Бакаев ( Өзбекстан) сияқты шетелдіктерді «Жетісу» сапынан табасыз. Керек дерек! «Локо» сапында Нұрбол бастаған, Танат қостаған мықты қазақ футболының қаймақтары бар. Бұл жұпқа Дамир Дәуітов, Қайрат Нұрдәулетов, Ұлан Қонысбаев, Марат Шахметовты қосыңыз. Сондай-ақ қақпашы Ненад Эрич (Сербия) , Заурбек Плиев (Ресей), Драган Богавац (Черногория, «Майнц-04»Германия) , Игорь Бугаев (Молдова), Данило Белич (Сербия) сынды легионерлер бар. Керек дерек! «Қайрат» биылғы маусымға түзген құрамында қазақ аз. Мадияр Мүмінов, Рақымжан Розыбакиев, Шыңғыс Әбуғалиев, Нұрсайын Жолдасов, Арман Халықов, Мұрат Сүймағамбетов қана «Қайратта». Ал шеттен келгендер Марко Джорджевич (Сербия, «Ягодина» Сербия),  Павел Кирильчик (Белурусь, ФК «Минск» Беларусь), Деян Христов (Болгария, «Сливен» Болгария), Сергей Струков (Ресей, «Авангард» Курск), Владимир Байрамов (Ресей, «Химки») Керек дерек! «Шахтерде»  Кайрат Утабаев ( «Қайраттан») , Максат Байжанов ( «Ақтөбе»),  Қанат Алиев («Оқжетпестен») , Жамбыл Көкеев («Локомотивтен»), Асхат Борантаев, Марғұлан Еріков, Серік Досманбетов («Жетісудан») сынды қазақ аяқдопшылары, Алдин Джидич (Босния), Никола Василевич (Босния, «Црвена Звезда» Сербия),  Андрей Порываев (Беларусь, «Днепр» Могилев), Гедиминас Вичюс (Литва), Миланко Рашкович (Сербия, «Црвена Звезда» Сербия)  сынды легионерлер бар. Аламан
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×