Блан «Валенсияны», Терри «Бристоль Ситиді» баптауы мүмкін

07.07.2020, 18:52
Екеуі де команданы жоғары деңгейге шығара алады.
Блан «Валенсияны», Терри «Бристоль Ситиді» баптауы мүмкін

Француз маманы Лоран Блан «Валенсияның» бас бапкері болуы мүмкін, деп хабарлайды L'Equipe.

Дереккөздің хабарлауынша, 54 жастағы маманның испандық клуб үшін басым бағыты Бланның испан тілінде сөйлейтіні атап өтілген. «Валенсияның» басшылығы Марко Силва мен Кике Санчес Флорестің кандидатурасын да қарастырады.

Еске салайық, 29 маусымда «Валенсия» бас бапкер Альберт Селадесті қызметінен босатқаны туралы хабарлады. Селадес "Валенсияны" 2019 жылдың қыркүйегінде басқарды, ол испан клубының басшылығымен қақтығысқа байланысты жұмыстан босатылған Марчелино Торальдың орнына келген еді. «Валенсия» 34 матчта 47 ұпай жинап, Испания чемпионатының кестесінде 9-орында тұр.

«Челсидің» бұрынғы капитаны және қазіргі «Астон Вилла» жаттықтырушысының бас көмекшісі Джон Терри «Бристоль Ситиді» жаттықтыруы мүмкін, деп хабарлайды Football Insider.

Еске салайық, "Бристоль Сити" басшылығы қатарынан төрт жеңілістен кейін Ли Джонсонды қызметінен босатты. «Бристоль Сити» 41 матчта 55 ұпай жинап, Чемпионшипте 12-орында тұр. Жарыстың көшбасшысы - 41 матчта 78 ұпай жинаған "Лидс Юнайтед".

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×