Зиги Бадибанга: «Мұндай жағдаймен Еуропа лигасында ойнау қиынға соғады»

07.07.2020, 15:36
«Ордабасы» командасының Бельгиялық жартылай қорғаушысы Зиги Бадибанга клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында карантин, қайта жалғасқан чемпионат және Еуропа лигасы жайлы айтып берді. ⠀
Зиги Бадибанга: «Мұндай жағдаймен Еуропа лигасында ойнау қиынға соғады»

- Карантин кезінде бос уақытыңды қалай өткізесің?

- Мен бар бос уақытымды үйде әйеліммен өткіземін. Осы оңай емес уақытта оның менімен болғаны қандай жақсы, біз фильмдер көреміз, және күнделікті жанұямызбен телефон арқылы сөйлесіп тұрамыз. ⠀

- Өз еліңде қазір қандай жағдай?

- Жағдай жақсарып келеді, адамдар сыртқа шығып жұмыс жасауда. Бірақ арнайы ережелер бар, оларды ұстану керек. ⠀

- Чемпионат қайта жалғасқаннан кейін алаңға оралу қиын болды ма?

- Ия, біз 3 ай бойы бірде-бір ресми кездесу өткізген жоқпыз, ойын тәжірибесі жоқтығы сезіліп тұр, сондықтанда бұл оңай емес. ⠀

- «Шахтермен» өткен матчқа қандай баға бересің?

- Ол ойын оңай болмайтынын біз білгенбіз. Бірақ сол матчта біз үздік болдық. Жолымыз болмады, гол соғуға көптеген мүмкіндіктер болды, бірақ сала алмадық. Қарсыласта жалғыз мүмкіндік болып, олар оны қолдана алды. Болашаққа бұл бізге сабақ болады. ⠀

- Чемпионаттың қайта тоқтатылғанына қалай қарайсың?

- Әрине бұл жағдай мені қынжылтады, футболшыға ресми ойындарда ойнамау қиын, бірақ бұл жағдай бізге бағынышты емес. Адамдардың денсаулықтары маңызды екенін түсінеміз. Екі аптадан кейін чемпионат қайта жалғасады деген үміттеміз. ⠀

- Осы маусымдағы Еуропа Лигасының ойындары жайла не айтасың?

- Пандемияға қатысты елдегі жағдай жақсарып чемпионатты жалғастырамыз деген үміттемін. Ойын тәжірибесіз Еуропа Лигасында ойнау қиынға соғады, матчтар бір ойыннан тұратынын ескерсек. Ойынның бастамасын күтеміз, әрі қарай өз мүмкіндіктерімізді көреміз. ⠀

- Трибуналарда жанкүйерлердің болмауы сезіледі ме?

- Ия, әрине! Бізде Шымкентте керемет жанкүйерлер бар, оларсыз ойнау біртүрлі. Олар бізді үнемі қолдайтын еді. Осы пандемияға қатысты жайсыз уақытта үйде болған абзал. Барлықтарыңызға денсаулық тілеймін. Құдай барлықтарыңызды сақтасын!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×