ХХІ ғасырда трансферге ең көп қаржы жұмсаған клубтар

07.07.2020, 15:21
Бір қызығы, Еуропадағы ең үздік клубтардың бірі «Бавария» соғы 20 жылда трансферге бір млрд еуро ғана шығындалған екен. Олар жалпы тізімде 16-орынға жайғасқан.
ХХІ ғасырда трансферге ең көп қаржы жұмсаған клубтар

Атақты Transfermarkt порталы 2000 жылдан бері ойыншы сатып алуға ең көп қаржы жұмсаған клубтарды анықтады.

Бұл тізімде «Челси» футбол клубы көш бастап тұр. Лондондық клуб соңғы 20 жылда трансферге 2,16 млрд еуро жұмсаған екен. Олар жалпы 161 футболшы сатып алған.

Испанияның қос үздік клубы «Реал Мадрид» пен «Барселона» екінші, үшінші орынан көрінді. Мадридтік клуб ХХІ ғасырда ойыншы сатып алуға 2,13 млрд, ал каталониялықтар 2,12 млрд еуро жұмсаған.

ХХІ ғасырда трансферге ең көп қаржы жұмсаған клубтар:

1. «Челси» (161 ойыншы сатып алған, 2,16 млрд еуро);

2. «Реал» (103 ойыншы, 2,13 млрд);

3. «Барселона» (106 ойыншы, 2,12 млрд);

4. «Ман Сити», (183 ойыншы, 2,05 млрд);

5. «Ювентус» (252 ойыншы, 1,98 млрд);

6. «Манчестер Юнайтед» (98 ойыншы, 1,78млрд);

7. «Интер» (276 ойыншы, 1,59 млрд); 

8. «ПСЖ» (156 ойыншы, 1,55 млрд): 

9. «Ливерпуль» (164 ойыншы,1,48 млрд);

10. «Атлетико» (182 ойыншы, 1,35 млрд).



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×