Блохин құрама ойыншыларының тізімін жариялады

09.05.2012, 03:16
Блохин құрама ойыншыларының тізімін жариялады
    Украина ұлттық құрамасының бас бапкері Олег Блохин Еуропа чемпионатында өнер көрсететін футболшылар тізімін жариялады. Бұл туралы Украина футбол федерациясының ресми сайты хабарлап отыр. Тізімде 26 ойыншы іліккен екен. Украина ұлттық құрамасы 15-26 мамыр аралығында Түркияда оқу-жаттығуларын өткізеді. Блохин тізіміндегі 9 ойыншы киевтік «Динамо», 6 ойыншы донецкілік «Шахтер» командаларының футболшылары. Москвалық «Спартак» командасының голкипері А.Дикань ұлттық құрама тізімінен табылмады. Ресей премьер-лигасындағы ойындардың бірінде жарақат алған бұл ойыншы Еуропа чемпионатына қатыса алмайтын болды. Блохин жасақтаған Украина ұлттық құрамасының ойыншыларының тізімі: Қақпашылар: Андрей Пятов («Шахтер», Украина), Александр Горяинов («Металлист», Украина), Максим Коваль («Динамо», Украина), Александр Бандура («Металлург», Украина); Қорғаушылар: Ярослав Ракицкий, Александр Кучер, Вячеслав Шевчук (все — «Шахтер», Украина), Тарас Михалик, Евгений Хачериди (оба — «Динамо», Украина), Виталий Мандзюк («Днепр», Украина), Богдан Бутко («Ильичевец», Украина), Евгений Селин («Ворскла», Украина); Жартылай қорғаушылар: Александр Алиев, Денис Гармаш, Олег Гусев, Андрей Ярмоленко (все — «Динамо», Украина), Евгений Коноплянка, Руслан Ротань (оба — «Днепр», Украина), Сергей Назаренко («Таврия», Украина), Тарас Степаненко («Шахтер», Украина), Анатолий Тимощук («Бавария», Германия), Шабуылшылар: Артем Милевский, Андрей Шевченко (оба — «Динамо», Украина), Марко Девич («Металлист», Украина), Евгений Селезнев («Шахтер», Украина), Андрей Воронин («Динамо», Россия); Қосалқы құрам ойыншылары: Богдан Шуст («Шахтер», Украина), Артем Федецкий («Карпаты», Украина), Александр Воловик («Металлург», Украина), Эдмар («Металлист», Украина), Максим Калиниченко, Антон Шиндер (оба — «Таврия», Украина), Роман Безус («Ворскла», Украина), Александр Ковпак («Арсенал», Украина). Еуропа чемпионатында Украина ұлттық құрамасы «D» тобында өнер көрсетеді. Алғашқы ойынын 11 маусым күні Киевте Щвеция құрамасына қарсы өткізеді.

 Өмірбек САНСЫЗБАЙ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×