Жолшиев – сәуір айының үздік футболшысы

09.05.2012, 04:49
Жолшиев – сәуір айының үздік футболшысы
  «Sports.kz» спорт порталы 2011 жылдың наурыз айында «Алмаз» атты жаңа жоба ұсынған болатын. Сол жоба бүгінде жалғасып келеді. Бұл жоба мақсаты-Қазақстан премьер-лигасында, әр айдағы үздік аяқ доп шеберін анықтау болып табылады. Онда әр команданың бапкерлері мен бір ойыншысы дауыс беру арқылы үздік ойыншы анықталады. Сонымен сәуір айының ең үздік ойыншысы болып қостанайлық «Тобыл» командасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Жолшиев танылды. Негізінен бұл жоба бойынша әр команданың бапкерлері мен бір ойыншысы премьер-лигадағы 3 футболшыға дауыс береді. Бірінші дауыс берген ойыншыға-3 ұпай, екіншіге-2 ұпай, үшінші ойыншыға берілген дауыс 1 ұпай болып сол футболшының еншісіне жазылады. Сонымен, сәуір айының үздік ойыншысы Бауыржан Жолшиев ( «Тобыл») болып танылды. Бұл футболшы наурыз айында да үздік ойыншы болған болатын. Сол атағын сақтап қала білді. Бауыржан сәуір айында команда сапында қарсылас қақпасына 3 доп енгізіп, премьер-лигадағы мергендер көшін бастап келеді(7 гол). 1990 жылы дүниеге келген футболшының бойы 190 см, салмағы 80 кг тартады. Мамыр айының 8 жұлдызында бұл ойыншы 22 жасқа толады. «Тобыл» командасының жаттықтырушылары бұл ойыншы ойынының мәнерін португалдық К.Роналду ойынының мәнеріне ұқсатады екен. Лайым, солай болғай! Дауыс берген 28 адамның 16-сы Жолшиевті таңдады. Осылайша Бауыржан 34 ұпай жинап, сәуір айының үздік футболшысы атанды. Біз де Бауыржанды шын жүректен құттықтаймыз! Сәуір айындағы үздік ойыншылардың екінші сатысынан «Ақтөбе» командасының және ұлттық құрама ойыншысы Марат Хайруллин көрінді. Ол бұл маусымда екі матчта бір гол соғып, бір нәтижелі пастың иегері атанған екен. Марат дауыс қорытындысы бойынша 13 ұпай иеленді. Бұл айдағы үшінші сатыдан «Оқжетпес» командасының 25 жастағы грузиялық легионері Давид Чагелишвили орын алды. Ол сәуір айындағы бес ойында төрт гол соққан екен. Оның үшеуі «Астана» қақпасында тулапты. Үздік легионерлер үштігі: 1. Давид Чагелишвили. 2. Якуб Хлебоун. 3. Артём Касьянов. Үздік қақпашылар үштігі: 1. Антон Цирин. 2–3. Андрей Пасеченко. 2–3. Рамиль Нурмухаметов. Сонымен кім-кімге дауыс берді: «Ақжайық» Саулюс Ширмялис — Хлебоун, Джолчиев, Аширбеков Янко Валканов — Джолчиев, Хлебоун, Лечич «Тобыл» Вячеслав Грозный — Джолчиев, Хлебоун, Илич Бауржан Джолчиев — Головской, Жумаскалиев, Богданов «Шахтёр» Виктор Кумыков — Финонченко, Василевич, Каньяс Максат Байжанов — Карпович, Финонченко, Кукеев Жам. «Тараз» Любомир Петрович — Жам. Кукеев, Аширбеков, Юнузович Вячеслав Соболев — Бакаев, Жумаскалиев, Джолчиев «Ертіс» Талгат Байсуфинов — Цирин, Лечич, Джолчиев Сергей Иванов — Чагелишвили, Кучера, Хайруллин «Ордабасы» Виктор Пасулько — Хайруллин, Диакате, Джолчиев Кайрат Аширбеков — Карпович, Касьянов, Смаков «Ақтөбе» Владимир Муханов — Джолчиев, Чагелишвили, Родригес Пётр Бадло — Хайруллин, Логвиненко, Костич «Атырау» Зоран Филиппович — М.Азовский, Джолчиев, Аширбеков Никита Хохлов — Родионов, Чагелишвили, Хайруллин «Қайрат» Дмитрий Огай — Джолчиев, -, — Олег Недашковский — Нурмухаметов, Жумаскалиев, Юрин «Сұнқар» Алмас Кулшинбаев — Пасеченко, Джолчиев, Тонев Алибек Булешев — Тонев, Хайруллин, Родригес «Астана» Григорий Бабаян — Нусербаев, Джолчиев, Чагелишвили Пиралы Алиев — Нусербаев, Джолчиев, Мухтаров «Жетысу» Серик Абдуалиев — Касьянов, Цирин, Жумаскалиев Владимир Логиновский — Джолчиев, Родионов, Йованович «Қайсар» Владимир Никитенко — Джолчиев, Лечич, Тажимбетов Талгат Сыздыков — Исламхан, Джолчиев, Тажимбетов «Оқжетпес» Виктор Семёнов — Хайруллин, Чагелишвили, Хлебоун Олександр Якименко — Чагелишвили, Касьянов, Джолчиев Дауыс  қорытындысы: 1. Джолчиев Бауржан «Тобол» 34 (6,6,4) 2. Хайруллин Марат «Актобе» 13 (3,1,2) 3. Чагелишвили Давид (Грузия) «Окжетпес» 13 (2,3,1) 4. Хлебоун Якуб (Чехия) «Акжайык» 8 (1,2,1) 5. Касьянов Артём (Украина) «Ордабасы» 7 (1,2,-) 6. Жумаскалиев Нурбол «Тобол» 7 (-,3,1) 7–8. Карпович Андрей «Ордабасы» 6 (2,-,-) 7–8. Нусербаев Танат «Астана» 6 (2,-,-) 9–11. Финонченко Андрей «Шахтёр» 5 (1,1,-) 9–11. Цирин Антон «Акжайык» 5 (1,1,-) 9–11. Родионов Денис «Атырау» 5 (1,1,-) 12. Лечич Мирослав (Сербия) «Тараз» 5 (-,2,1) 13–14. Тонев Никола (Македония) «Сункар» 4 (1,-,1) 13–14. Кукеев Жамбыл «Шахтёр» 4 (1,-,1) 15. Аширбеков Кайрат «Ордабасы» 4 (-,1,2) 16–21. Бакаев Улугбек (Узбекистан) «Иртыш» 3 (1,-,-) 16–21. Пасеченко Андрей «Сункар» 3 (1,-,-) 16–21. Азовский Максим «Акжайык» 3 (1,-,-) 16–21. Исламхан Бауыржан «Тараз» 3 (1,-,-) 16–21. Нурмухаметов Рамиль «Кайрат» 3 (1,-,-) 16–21. Головской Константин «Тобол» 3 (1,-,-) 22–25. Кучера Штепан (Чехия) «Иртыш» 2 (-,1,-) 22–25. Логвиненко Юрий «Актобе» 2 (-,1,-) 22–25. Диакате Абдуллан (Сенегал) «Тараз» 2 (-,1,-) 22–25. Василевич Никола (Босния и Герцеговина) «Шахтёр» 2 (-,1,-) 26–27. Родригес Луис Антонио (Аргентина) «Сункар» 2 (-,-,2) 26–27. Тажимбетов Дауренбек «Ордабасы» 2 (-,-,2) 28–36. Илич Брана (Сербия) «Актобе» 1 (-,-,1) 28–36. Юнузович Эдин (Хорватия) «Жетысу» 1 (-,-,1) 28–36. Костич Зоран (Сербия) «Актобе» 1 (-,-,1) 28–36. Смаков Самат «Актобе» 1 (-,-,1) 28–36. Каньяс Роджер (Колумбия) «Шахтёр» 1 (-,-,1) 28–36. Йованович Неманья (Сербия) «Кайрат» 1 (-,-,1) 28–36. Юрин Игорь «Иртыш» 1 (-,-,1) 28–36. Богданов Анатолий «Тобол» 1 (-,-,1) 28–36. Мухтаров Мухтар «Астана» 1 (-,-,1).

 Өмірбек  САНСЫЗБАЙ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×