“Бока Хуниорс” Аргентина чемпионы атанды

08.12.2011, 01:03
“Бока Хуниорс” Аргентина чемпионы атанды
Ұлттық біріншіліктің алғашқы айналымында үздік шыққан “Бока Хуниорс”  футболдан Аргентинаның 24- дүркін чемпионы атанды.  “Апертура” аталатын чемпионаттың бірінші жартысын тамаша өткізген  Хулио Сесар Фальконидің шәкірттері, соңғы екі турдың нәтижесіне қарамастан бас бәйгені қоржынға салды. Олар чемпиондық  атақты “Банфилдпен” өткен бәсекеде жеңіп алды.  90-минут бойы тізгінді босатпаған    “Бока Хуниорс”  бұл ойында қарсы қақпаға жауапсыз үш гол соқса, оның екеуі  клубтың белді шабуылшысы Дарио Цвитаничтің үлесінде.  “Апертураның” күміс медалі үшін талас әлі аяқталған жоқ.  Бұл жүлдеден    “Расинг” пен “ Тигре” үміткер.   Екінші орында келе жатқан  “Расинг” 28- ұпай жинаса, “Тигренің” одан бір ұпайы кем.  “Клаусура” аталатын чемпионаттың екінші жартысы келер жылдың ақпанында басталып, маусым айында мәресіне жетеді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×