Боксинг дей! "МЮ" мен "Челси" жеңілді

01.01.2012, 04:05
Боксинг дей! "МЮ" мен "Челси" жеңілді
"МЮ" соңғы екі ойынды 5:0 есебімен ұтқанымен бұл кездесуде жеңіске жете алмады. "Блекберн" 2-құраммен шыққан "қызылдар" үшін оңай шағылар жаңғақ бола қоймады. Тек, соңғы матчтарда тепкені гол болып жүрген Димитар бербатов осы кездесуде тағы да 2 гол соғып, Алекс бапкердің сенімін ақтады.

"Челси" өз алаңында жер боп жеңілді. "Виллалықтар" соңғы минуттарда тіпті, ойына келгендерін істеді. Былайша айтқанда жаңа жылдық шоу орын алды "Стэмфордта". Оның үстіне 1-таймдағы Дрогбаның "істегенін" еске алыңыз. Өте күлкілі жағдайда қалған Дидье, жанкүйерлерді ду күлкіге бөледі. Шалынып құлаған ол "Астон Вилла" ойыншысының үстіне отырып қалған тұс болды. Сол кезде еш саспаған Дрогба атта отырған кавбойлар секілді, "вилла" ойыншысына қамшы басып, аяқдопшыны арғымаққа теңеп жіберді.

Футбол. Англия. Премьер-лига Арсенал - Куинз Парк Рейн. 31.12.2011 21:00 1:0 (0:0) Болтон Уондерерс - Вулверхэмптон У. 31.12.2011 21:00 1:1 (1:0) Норвич Сити - Фулхэм 31.12.2011 21:00 1:1 (0:1) Сток Сити - Уиган Атлетик 31.12.2011 21:00 2:2 (0:1) Суонси Сити - Тоттенхэм Хотсп. 31.12.2011 21:00 1:1 (0:1) Челси - Астон Вилла 31.12.2011 21:00 1:3 (1:1)
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×