Болат Есмағамбетов: дәл қазір бізге Еуропадағы кез-келген қарсылас оңай емес

Бүгін, 13:07

Белгілі бапкер Болат Есмағамбетов «Аладоп.кз» тілшісі Мұрат Мұқашұлына сұқбат беріп, Армения мен Венгрияға қарсы жолдастық ойындар туралы ойын айтты.

Болат Есмағамбетов: дәл қазір бізге Еуропадағы кез-келген қарсылас оңай емес
Қазақстан құрамасы

Қазақстандық маман сондай-ақ, қос матчтағы мүмкіндіктерімізді де таразылаған болатын. Қазақстан 6-маусымда Армения, 9-маусымда Венгрияға қарсы тұрады. Қос ойын да сырт алаңда өтпек.

«Венгрия Арменияға қарағанда мықтырақ. Біздегі бір басымдық – маусым қызып тұр. Қателеспесем, Армения мен Венгрияда чемпионат көктем-күз жүйесінде өтеді. Олар дайындықтарын енді бастап жатқан шығар. Ал біздің чемпионат бел ортасына келді, ойыншылар да 100 пайыз дайын десек болады. Жолдастық кездесу болғандықтан, бапкерлер тактика тұрғысынан тәжірибе жасап, футболшылардың өзара байланысын көреді. Меніңше, қазіргі құрамның 90 пайызы сол күздегі Ұлттар Лигасында шақырту алады. Құраманы іс жүзінде соңғы рет өткендегі шағын турнирде тамашаладық. Намибия, Комор аралдарына қарсы ойындарда біздікілер жаман көрінген жоқ. Ал Армения да Венгрия да өз алаңдарында ойнаған соң жеңіске жетуді ойлайды. Еуропалық командалар әрқашан мықты. Дәл қазір бізге Еуропадағы кез-келген қарсылас оңай емес. Біз ол жақта фаворит саналмаймыз...», - деді Б. Есмағамбетов.

Қазақстан мен Венгрияға қарсы ойындарға біздің бапкерлік құрам 25 футболшының шақырған. Олардың қатарында басты командаға бірінші рет келген бірнеше ойыншы да бар – Мақсат Абраев «Астана», Жасұлан Әмір, Мағжан Тоқтыбай (екеуі де «Ордабасы).    

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×