Максим Самородов Ресей чемпионатындағы ең қымбат 10 футболшының қатарында

Бүгін, 12:35

Қазақстан құрамасы мен «Ахматтың» жартылай қоғаушысы Максим Самородов «CIES!» нұсқасы бойынша РПЛ-дегі қымбат 10 ойыншының тізімінен орын алды.

Максим Самородов Ресей чемпионатындағы ең қымбат 10 футболшының қатарында
Максим Самородов "Ахмат" сапында

Ресей чемпионатында трансферлік құны жөніндегі ТОП-10 қатарында 23 жастағы футболшы 10-орында тұр. Қазіргі күні шабуылшының бағасы 3,5–4,1 млн Еуроға тең.

Бұл тізім келесідей түзіліген еді;

Алексей Батраков («Локомотив») — 29–33 млн €

Педро Энрике («Зенит») — 28–32 млн €

Матвей Кисляк (ЦСКА) — 27–31 млн €

Эдуард Сперцян («Краснодар») — 15–18 млн €

Константин Тюкавин («Динамо») — 15–18 млн €

Манфред Угальде («Спартак») — 9–11 млн €

Велдин Ходжа («Рубин») — 5,2–6,1 млн €

Дмитрий Пестряков («Акрон») — 5,2–6 млн €

Браян Хиль («Балтика») — 4,3–5 млн €

М. Самородов 2025/26-жылғы маусымда грозныйлық клуб сапында барлық турнирлердегі 34 ойында 5 гол мен 10 ассист тіркеген. Футболшының «Ахматпен» келісімшарты 2028-жылдың жазына дейін жарамды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×