Болгариялық футболшы “Ақтөбеге” қарсы ойынға қатыспайды

03.05.2026, 13:07

Тәртіпке бағынбаған шабуылшы клубты қиын жағдайда қалдырды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Болгариялық футболшы “Ақтөбеге” қарсы ойынға қатыспайды

Ел чемпионатының жетінші турында “Қызылжарға” қарсы өткен кездесуде (2:1) Митков нағыз анти-қаһарманға айналды. Ойыншы небәрі екі минуттың ішінде екі бірдей сары қағаз алып, төреші Саят Қарабаевтың шешімімен алаңнан қуылған еді. Мұндай салғырттықтың соңы — сегізінші турдағы “Ақтөбеге” қарсы өтетін маңызды матчтан шеттетілуіне әкеп соғып отыр.

26 жастағы Димитар Митков биылғы маусымда “Ордабасы” жейдесінде әзірге 7 матчқа қатысып, 1 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×