Болгария құрамасының тізімі

29.05.2013, 20:39
Болгария құрамасының тізімі
4 маусымда Алматыдағы Орталық стадионда футболдан Қазақстан мен Болгария ұлттық құрама командалары арасында жолдастық кездесу өтеді.

Қос мемлекеттің де бас бапкерлері сол күні жасыл алаңға өздерінің ең үздік теңбіл доп шеберлерін шығаратындарын мәлімдеді. Бізге қарағанда Болгарияның футбол тарихы әлдеқайда бай екені еш дау ту­ғызбаса керек. Бұл елдің өрендері талай рет әлем және Еуропа чемпионаттарына қатыс­ты. Ең үздік нәтижеге 1994 жылы қол жеткізді. АҚШ-та өткен дүниежүзілік доп додасында болгариялықтар барлық қар­сыласын сыпыра ұтып, жартылай финал­да ғана сүрінді. Осы орайда аталмыш команда іріктеу турнирінің шешуші матчында Францияны, ал ширек финалда олар әйгілі Германия құрамасына сан соқтырғанын айта кеткен жөн.

Қола медаль үшін бәсекеде Швециядан ұтылған Балқан түбегінің түлек­тері төртінші орынға табан тіреді. Бұл команданың сапында Христо Стойчков, Йордан Лечков, Красимир Балаков сынды жұлдыздар өнер көрсетті. Одан бөлек, Бол­гария құрамасы Балқан кубогы жолын­дағы жарыста төрт мәрте жеңімпаз атанып, Олимпиада ойындарында екі мәрте жүлде­герлер санатына қосылды.

Соңғы жылдары Болгария футболында құлдырау кезеңі байқалады. Десек те осы жағдайдың өзінде олар – Қазақстан үшін аса азулы қарсылас. Мәселен, бұл елдің ойын­шылары Еуропаның көптеген белді клубта­рын­да өнер көрсетіп жүр. Араларында Ан­глия, Германия, Голландия, Украина біріншіліктерінде күш сынасып жүргендері де бар. Өкінішке қарай, біз ондай мықты­ла­рымызбен мақтана алмаймыз. Таяуда Болгария командасының бас бапкері Любослав Пенев Қазақстан құрама­сына қарсы шығатын ойыншылардың тізі­мін жария етті: Қақпашылар: Николай Михайлов ("Твенте", Голландия), Владислав Стоянов ("Лудогорец", Болгария), Пламен Илиев ("Левски", Болгария), Михаил Иванов ("Левски", Болгария). Қорғаушылар: Илия Миланов ("Литекс", Болгария), Александр Александров ("Черно Море", Болгария), Иван Иванов ("Парти­зан", Сербия), Георги Терзиев ("Черно­морец", Болгария), Петр Занев ("Волынь", Украина), Веселин Минев ("Ботев", Болгария), Йордан Минев ("Лудогорец", Болгария), Радослав Димитров ("Славия", Болгария). Жартылай қорғаушылар мен шабуыл­шылар: Владимир Гаджев ("Левски", Бол­гария), Георгий Илиев ("Черно Море", Бол­гария), Светослав Дяков ("Лудогорец", Болгария), Георгий Миланов ("Литекс", Болгария), Стефан Велев ("Левски", Болгария), Христо Златинский ("Локо­мотив", Болгария), Станислав Манолев ("Фулхэм", Англия), Спас Делев (ЦСКА, Болгария), Эмил Гргоров ("Лудогорец", Болгария), Илиан Мицанский ("Инголь­штадт", Германия), Валерий Божинов ("Виченца", Италия), Ивелин Попов ("Кубань", Ресей).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×