Боливия чемпионатында 45 метрден әдемі гол соғылды

21.05.2015, 23:33
Боливия чемпионатында 45 метрден әдемі гол соғылды
 Боливияның «Стронгест» командасында ойнайтын жартылай қорғаушы Эрнесто Кристальдо біріншіліктегі ең әдемі голдардың бірін салды.  Боливия чемпионатының 22 турында «Стронгест» пен «Хорхе Вилстерманн» кездесіп, ойын 2-2 есебімен тең аяқталған. Кристальдо ойынның 5 — ші минутында қарсылас қақпасына алыстан жойқын соққы бағыттап тамаша голдың авторы атанды. https://www.youtube.com/watch?v=dZeeGxHLl0M Ішкі біріншілікте «Стронгест» командасы 3 орында келеді. Ал 31 жасар парагвайлық футболшының бұл осы маусымдағы 9 — ы голы болатын. Абылайхан ЖҰМАШ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×