Болжам-бұрыш

15.05.2011, 07:27
Болжам-бұрыш
6-шы мамыр. Норвегия. Типпелига. Викинг - Одд Гренланд Барлық Еуропаның басты ұлттық чемпионаттыры шарықтау шегіне келіп жатса, Норвегия чемпионаты енді қызып келеді. Жетінші турда Норвегияның ең беделді клубтары бір-бірімен күш сынаспақ. Олар – Викинг пен Одд Гренланд. Әрине, Скандинавиялық футбол сүйер қауымға келе жатқан матч үлкен мереке. Оге Харейде жаттықтыратын «Қара-көктер» қазір турнирлік кестенің 14-ші орнында орналасқан. Дегенмен, Викинг осал командалар қатарына жатпайды. Себебі, Викинг Норвегия ұлттық чемпионатының 8 дүркін чемпионы және де қарсылас командалар арасында үлкен абыройға ие болған команда. Қонақтар да Норвегияның футбол тарихында өз іздерін қалдырып кетті десе болады. Скиен қаласынан шыққан команда ұлттық жарысты 12 рет жеңіп алып, абсолюттық рекордқа қол жеткізген. Ал енді ойынға келетін болсақ, командалар арасындағы соңғы 2 кездесу Одд Гренландтың жеңісімен аяқталған, дегенмен бұл жеңістер Гренландтың өз алаңында болған. Келе жатқан матчта Викинг Одд Гренландты өз алаңында қабылдайды, келесі үш ұпайды иеленетін кезек Викингтарда. Сөзсіз, алаң иелері ойын тізгінін бірінші минуттан өз қолдарына алады. Викинг құрамында Нивлэнд, Соколовски және Брешиа сияқты нәтижелі шабуылшылардың өнер көрсетуі Викингты осы матчтың фавориті етеді. Қарсыластардың жағында да айтарлықтай қиындықтар жоқ. Және де бәс тігер алдында Одд Гренланд құрамында Норвегия чемпионатының ең үздік мергені Йонсеннің ойнайтынын есепке алып, Одд Гренландтан гол күтеміз. Норвегияда қорғаныс футболын ойнауды ұнатпайды, ал, аталған екі команда тіпті ұнатпайды – «Тот(2.5) көп – 1.72» коэффициентімен. Викинг көптен күткен жеңіске қол жеткізітен үақыты келді – «Ж1 - 1.9» коэффициентімен. Айта кететін жайт, өз алаңында Викингтер соңғы рет 2010 жылдың қараша айының 7-де жеңіс тойын тойлаған.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×