Болжам бұрыш. "Манчестер Сити" тағдры түнде шешілмек

07.12.2011, 21:58
Болжам бұрыш. "Манчестер Сити" тағдры түнде шешілмек
Манчестер Сити (Англия) - Бавария (Германия)

«А» өлім тобы делінген еді жеребе тартылған сәтте. Бірақ осы күні қарасаңыз өзге топтардан еш айырмашылығы жоқ. «Сити» келесі кезеңге өтуі үшін өз алаңында «Баварияны» жеңудің өз аз болайын деп тұр. Десе де, Болотелли, Агуэро, Джеко, Сильва секілді сайыпқырандар бүгін жеңіске жетеді деп ойлаймын. «Бавария» негізі «Манситиден» осал команда емес. Бірақ, дәл осы турда немістерге тындыратын тірлік қалмады. Бірақ, немістер әрқашанда неміс екені белгілі. Мәшиненің тежегішін басу дегенді білмейді. Дей тұрғанымен менің көңілім ағылшындарға бұрып-ақ тұр. Есеп: 3:1.

Вильярреал (Испания) - Наполи (Италия) «Вильяреал» өз алаңында чемпиондар лигасындағы алғашқы ұпайын олжалауға тырысатын шығар. Егер бар күшті салып ойнасы «наполиге» өте қиын болады. Ары кеткенде тең нәтиже италиялықтарға «жақсы» деген бағамен өлшенер еді. Бірақ, «Наполиге» ұпай керек. Ауадай қажет ұпайды максималист бапкері бар клуб алып тынуы тиіс. Есеп: 1:2 Интер (Италия) - ЦСКА (Мәскеу, Ресей) ЦСКА Думбиясыз команда емес. Бұл реалисттик жағдай. Осыған өткен матчта көз жеткіздік. Бүгін енді Сейду «Сан-сироға» шыққанымен «Интер» қақпашысына сан соқтыра алар ма екен? Раньери келгелі бері «Интер» ойыны өзгерді. Бірақ команда жақсы ойнап жүр деп айта да алмаймын. «Цскаға» ұпай керек. Себебі, «Лилль» өз алаңында «Трабзонспормен» кездеседі. Сондықтан да әскерилерге бүгін үш ұпай керек. Есеп: 1:1 Лилль (Франция) - Трабзонспор (Түркия) Сырт алаңда «Цсканы» ұтқан «Лилль» туралы ойым өте жоғары. Әсіресе Эден Азардың өнері қол соқтырады. Мусса Сов та төмен деңгейдің шабуылшысы емес. Түріктерге осы ойында тең нәтиже қол болады. Қорғанысқа мықтап бекиді. Сондықтан да «Лилль» ары кеткенде 2-3 гол ғана ұра алатын шығар. Есеп: 2:0. Базель (Швейцария) - Манчестер Юнайтед (Англия) «С» тобындағы жолдама беретін кездесу деп дәл осы матчты айтудың өзі сәл ұяттау. Дегенмен, жағдай соған жеткізіп тұр. Алекс Фергюссон осы турға дейін негізгі құрамға көзі іліккен ойыншыны шығарып келді. Соған қарағанда ақсақалдың көзі нашарлай бастаған ба деп қаламыз. Қанша дегенімен бұл «Манчестер Юнайтед». Әлемдегі ең даңқты, танымал ұжымдардың бірі. Есеп: 0:2 Бенфика (Португалия) - Оцелул (Румыния) Осы ойынға болжам жасамай-ақ кеткім келіп тұр. Түк шешпейтін матч. Есеп: 2:0. Аякс (Голландия) - Реал (Мадрид, Испания) «D» тобындағы екінші орынды «Аякс» алуы өте ықтимал. Егер «Лион» сыртта жеңсе, ұпайлар теңеседі. Сондықтан голландиялықтарға тең нәтиже жетіп жатыр. «Реалға» да аса қатты тырмысудың керегі шамалы. Алда «Барса» күтіп тұр. Тең нәтиже тіркеледі деп ойлаймын. Есеп: 1:1 Динамо (Загреб, Хорватия) - Лион (Франция) «Лионға» топтан шығу үшін фантастикалық оқиғалардың куәгері болу керек. Ұпайлар теңескен жағдайда «Аякстан» озу үшін доп айырмасы керек. Ал «Лионда» бұл жағдай өте нашар. Сондықтан да, сырт алаңда «Динамоны» 8 доп айырмасымен жеңуі керек. Есеп: 0:2.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×