Еуро-2012 : Жеребе тартылды

03.12.2011, 05:34
Еуро-2012 : Жеребе тартылды
Польша мен Украина жерінде өтетін Еуро-2012 додасына қатысатын ұжымдар өз қарсыластарын білді. «Украина» ұлттық өнер сарайында өткен жеребе тастау сайысын Польша мен Украина елдерінде танымал тележүргізушілер Ольга Фреймут пен Петру Собчинскир жүргізді. Бұл кеште әр кезеңдерде Еуропа чемпиондары атанған Марко ван Бастен, Петерь Шмехейль,Зинедин Зидан, Хоан Капдевилья сынды аттары аңызға айналған ойыншылар да қатысты. Кеш барысында футбол мерекесінің ресми добы «Танго-12» де таныстырды. Ал кештің негізгі яғни, командаларды топтарға бөлу кезеңін УЕФА-ның бас хатшысы Джанни Инфанито жүргізді. Додаға түсетін  16 команда 4 қоржынға бөлініп қойған болатын.  Қоржындай төмендегідей болып бөлінген еді: 1 қоржын: Польша, Украина, Испания, Нидерланды 2 қоржын: Германия, Италия, Англия, Россия 3 қоржын: Хорватия, Греция, Португалия, Швеция 4 қоржын: Дания, Франция, Чехия, Ирландия   Жеребенің қорытындыс бойынша командалар мынадай топтарға бөлінді:   А тобы: Польша, Грекия, Ресей, Чехия Б тобы: Нидерланды, Дания, Германия, Португалия С тобы: Испания, Италия, Ирландия, Хорватия Д тобы: Украина, Швеция, Франция, Ангоия  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×