Луческу әлемдегі ең нәтижелі он бапкердің қатарына қосылды

03.12.2011, 03:05
Луческу әлемдегі ең нәтижелі он бапкердің қатарына қосылды
ESPN Soccernet сайтының жүргізушісі Норман Хаббард әлем футболындағы ең жемісті қызмет атқарған бапкерлердің тізімін жасапты. Бұл тізімдердің ішіне «Шахтер» командасының жетекшісі Мирча Луческу да еніпті. Луческудің барлық турнирлерді қоса санағанда  қанжығасына 21  кубок бар екен. Сонымен қатар, атақты Валерий Лобановский де бұл тізімнен шет қалған жоқ. Лобановкий бұл тізімде тек «Манчестер Юнайтедтің» бапкері Сэр Алекс Фергюсоонан және тағы екі шотландиялық бапкерлерден қалып келеді. Жемісті он бапкердің тізімі төмендегідей: Алекс Фергюсон - 47 кубок Уилл Мэйли, Билл Страт - 30 Валерий Лобановский - 28 Джок Стейн - 26 Джованни Трапаттони - 24 Вандерлей Люшембурго - 22 Мирча Луческу - 21 ... Жозе Моуринью - 18 ... Хосеп Гвардиола - 12   Уалихан ҚОСАНБАЙ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×