Болжам-бұрыш: "Селтик" жеңісіке жетеді

08.05.2011, 03:40
Болжам-бұрыш: "Селтик" жеңісіке жетеді
8-ші мамыр. Шотландия. Премьер-лига. Килмарнок - Селтик Өз мәресіне тағы да бір Еуропалық Чемпионат жеткелі тұр, ол – Шотландия. Әдеттегідей бітіспес қарсыластар Селтик пен Рейнджерс чемпиондық тәжге таласуда. 36-шы турда Селтик қазіргі Шотландия Премьер Лигасының ең ежелгі командасы Килмарнокуға қонаққа барады. Нил Леннон командасы турнирлік кестеде «пүліш аюлардан» кейін екінші орында келеді. Ұпай айырмашылығы бар болғаны бір ғана ұпай. Сондықтан, «кельттерге» ұпай жоғалтуға болмайды. Алдыңғы турда клуб күтпеген жерден (3:2) есебімен Инвернесс командасына есе жіберіп қойды. Дегенмен, Селтик капитаны Скотт Браун өз жігіттерінің рухын көтеріп, маусымды жеңіспен аяқтауға шақыруда. «Регби Парк» аренасында «жасыл-ақтар» өз ойындарын әрқашан да сәтті өткізеді, соңғы бірнеше жылда алаң қожайындары Селтикті бір ғана рет жеңген. Бұл оқиға 2010-шы жылдың 2-ші ақпанында болған. Сол кезден бері Кенни Шилс командасы жеңіс тойын тойламапты. «Кельттердің» шабуылшылары Гарри Купер мен Георгиос Самарас келе жатқан ойында алтын медаль үшін бар ынтасын салып ойнауға даяр екенін айтып кетті. Сол себепті осы матчты асыға күтуде. Букмекерлер матч маңыздығын толық қанды зерттеп, үлкен болмаса да, пайдалы коэффициент ұсынып отыр – «Селтик форамен (-1.5) - 1.95 ». «Кили» тағдыры күні бұрын шешіліп қойған деп айтсақ болады. Дегенмен, Килмарнок Шотландия чемпионатында нәтижелігі жағынан төртінші орында келеді, соған орай матч өте тартымды және нәтижелі болады – «Тот(2.5) көп - 1.55 » коэффициентімен.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×