Еуропа лигасы мен Уефа кубогы жарысындағы ең титулы көп екі команда кездескелі отыр. "Севилья" бұл жарысты 5 рет жеңсе, "Интер" тарихында 3 мәрте ұтқан. Кельндегі бұл кездесуі тартысқа болы болатыны анық. Роналду Италия А сериясына келе салып бір маусымда 34 гол салды. Ал Ромелу Лукакуда дәл қазір 33 гол. Демек, бельгиялық шабуылшыға осы ойында кем дегенде бір гол салу қажет. Оның үстіне ол Еуропа лигасында қатарынан 10 ойында гол салып келеді. Бұл да бір рекорд. Ауыр денелі форфардты финалда тоқтату қиын болады. Оның үстіне аргентиналық Лаутаро Мартинес ұзақ уақыт гол сала алмай жүріп, жартылай финалда ағынан жарылды. Ол Ромелу секілді дубль авторы атанды.
Байқағандарыңыздай "Интердің" шабуылшылары "Севильяныкіне" қарағанда мықтырақ. де Йонг пен Эн Нессери жайлы олай айта алмаймыз. Оның үстіне жарақаты бар Окампос бар күшін сала алмауы да ықтимал. Дегенімен, тәжірибиесі көп "Севилья" көп нәрсе істеуі ғадап емес. Ортадағы Эвер Банега бір паспен әріптесін қақпашымен бетпе-бет шығарып жіберуі мүмкін. "Интердің" қорғанысы қалт жібермеуге тырысады. Жалпы алғанда Антонио Контенің ұжымы Италияда қорғанысы ең мықты команданың бірі. Еуропа лигасында да көп гол жіберіп жатқан жоқ. Соңғы рет бұлардың қақпасына ширек финалда Кай Хаверц қана гол салды.
Демек, менің болжамым "Интер" тоталы 1 көп, 1,5 көп. Сосын, матчтағы сары қағаздар саны 3,5тен көп болары анық. Қанша дегенімен финал ғой. Ал бұрыштамаларға букмекерлер 9,5 көп дегенді беріпті. Өте тамаша. Кем дегенде 10 бұрыштама көтерері анық. Барлықтарыңызға сәттілік! Қайсысы мықты, сол жеңсін.
Біздің серіктес: FONBET