Болжам. «Интер» мен МЮ келесі кезеңде

Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен
Бас редактор
11.08.2020, 01:45
Еуропа Лигасының ширек финалдық екі матчы бүгін түнде ойналады.
Болжам. «Интер» мен МЮ келесі кезеңде

"Интер" - "Байер"

"Интер" Италияның күміс жүлдегері. Ал "Байер" Бундеслиганың 5 орнында қалды. Кай Хаверц бастаған футболшылар өткен жолы "Глазго Рейнджерс" командасынан 1-0 басым түсті. Стивен Джеррардтың командасын әзер жеңген команда адуынды "Интерге" не қауқар көрсетеді? Сондықтан да, италиялық клуб матчтың басты фавориті. Менің ойымша "Интер" келесі кезеңге өтеді (1,55 кэф) деген бәс өте жақсы секілді. Қорғанысы да, шабуылы да, өте мықты.

"Интер" өткен жолы 2 ғана бұрыштама көтерді. Бұл жолы кішкене көбірек көтереді деп ойлаймын. Немістер де қапталмен ойнағанды ұнатады. Сондықтан да, осы матчта бұрыштамалар тоталы 8,5 көп болады. Фонбет букмекерлік кеңсесі осыншама беріп тұр.

МЮ - "Көпенгаген"

Дания чемпионы "Көпенгаген" өткен жолы "Башакшехирді" жеңіп, сенсация жасады. Соле Сольбакеннің командасы тегеурінді екенін көрсетті. Өле Гуннар Сулшер осы клубта кезінде тәжірибиеден өтіп, Сольбакеннің қасында болыпты. Ұстаздан шәкірт озып, МЮ бүгін келесі кезеңге шығады. Ол тіпті талқыланбайды. "Қызыл сойқандар" негізгі ойыншыларын шығарып, дат аяқдопшыларын әбден қинайды. Фора МЮ -1 деген бәсті алдым. Нар тәуекел.

ҚАДІРМЕНДІ ДОСТАР! МЮ - Копенгаген ойынының нәтижесін дәл тапқан адамды "Аладоп.кз" сайтындағы келесі болжам жабасында айтып өтетін боламыз. Кімнің есебі дәл шығар екен? Менікі МЮ - Коп 3-0.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×